Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"50 пайыз жеңілдік жасадым": Аида Кауменова Snoop Dogg-қа шапан тіккенін айтты

Танымал дизайнер Аида Кауменова алғаш рет кәсіп бастаған кезін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Сән әлемінің маманы “Сырласу” бағдаралмасында қонақ болып, бала күнінен сыр шертті. 

“6-сынып оқып жүргенде суретті жақсы сала бастадым. 11-сыныпқа дейін өнер мектебінде оқыдым. АТУ-да оқыдым. Тігін мамандығы бойынша диплом алдым. Одан кейін Италияда бір жыл оқыдым. Содан келгеннен кейін қазақша дүниелерге қызыға бастадым. Қарап отырсам, біздің ұлттық мәдени дүниелеріне жететін бұйым жоқ екен. Содан қызығушылық басталды. Көк базар маңындағы бір бизнес орталықтың жертөлесін жалға алып, сол жақтан алғашқы кәсіпті бастадым. Жертөленің маңдайына “Аида Кәуменова сән үйі” деп жазып қойдым. Осыдан 20 жыл бұрын әлеуметтік желі, телефон болмағанда өнер адамдары сол жерге мені іздеп келетін”, – деп бастады әңгімесін сәнгер. 



Сондай-ақ әлемдік жұлдыз Snoop Dogg-қа шапан тіккенін де шығармашылығында айтулы жаңалық екенін жеткізді. 

“Баян Алагөзова жаңа жыл алдында Snoop Dogg-пен жоба жасайтынын айтты. Сол кезде Баян ауруханада жатты. Екеуміз палатасында жатып алып, ақылдастық. Жаңа жылда жұмысшыларымды демалысқа жібергенмін. Қайтадан жинап, шақырып алдым. Содан қызу дайындық басталды. Бірақ халық сынап та жатты. “Кешью” тобына тіккен образымыз да сынның астында қалды. Бірақ мен кәсіби тұрғыда не жасап жатқанымды білетін болғасын, жауап та бере аламын. Ұлттық құндылығымызға қайшы болатын киім тікпедім. Әлемдік жұлдыз да менің шапанымды ұнатыпты. Бағасын айта алмаймын, бірақ Баян құрбым болғасын 50 пайыз жеңілдік жасадым”, – деді дизайнер. 

Еске салайық, "Ою-өрнегімізді қор қылды" деп Snoop Dogg-пен ән салған KeshYou тобының образы сынға қалған еді. 

Талқылау