Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 минут жеткілікті": Бағлан Әбдірайымов көшеде қайыр сұрап, көпшілікті ойландырып қойды

“Жігіттер” тобының әншісі, кинопродюсер Бағлан Әбдірайымов жеке парақшасына көшеде қайыр сұрап отырған фотосын жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Сәуір айында әншінің жаңа фильмі жарық көреді. Желі қолданушылары мұны кинодан кадр деп топшылап жатыр. Суреттен сақал-мұрты қауғадай өсіп, бетон үстінде қайыр сұрап отырған өнер иесін көруге болады. Әнші алдына садақа тастайтын қорап қойып қойған. 

“Өзгенің күйін түсіну үшін 5-ақ минут жеткілікті. Бәрі түсінеді, сезеді. Бірақ мейірім жоқ”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 



Сонымен қатар жақында әкесінен айырылған өнер иесі марқұмның 40 күндік асын берді. 

“Жалған дүние-ай! Кеше ғана бақилық мекенге кеткен әкемізге 40 күн толыпты. Енді еске алып, дұға жасап қана отырамыз. Әлжан Нұрлыбекұлының әнін алып, арнайы әкеме арнап, көзі тірісінде тыңдатып, ризашылығын алып едім… Десек те, Құдайға өкпе жоқ. Бұған да шүкір! Қалғандарымыз аман болайық! Ал суреттер сағынышты басып, естелік болып осында қалсын! Жақсы күндерде жолығайық!”, – деді әнші. 

Еске салайық, өнер иесі біреудің өмірін аңдып жүретіндерге ескерту жасаған еді. 

Талқылау