5 автокөлік соқтығысы: Алматы-Көкпек-Көктал тас жолындағы жол апатында жүкті әйел мен ер адам қайтыс болды

14 тамызда кешкі сағат тоғыздар шамасында Алматы - Көкпек - Көктал тас жолының (Құлжа тас жолы) жарықсыз учаскесінде жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жолдың 47-ші шақырымында қызыл түсті Volkswagen Passat шығысқа қарай, оның артынан Mitsubishi Diamante маркалы көлігі келе жатқан. Оларға қарсы бағытта Honda Stepwgn микроавтобусы мен ақ түсті Volkswagen Passat, одан кейін Opel Astra болған .

Оқиғалардың бір нұсқасы бойынша, белгісіз себептермен Honda микроавтобусы қарсы бағытқа шығып кеткен, нәтижесінде Mitsubishi Diamante көлігі соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасында ақ түсті Volkswagen Passat жүргізушісі жарақат алды. Онда оған жерде медициналық көмек көрсетілген. Honda жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. 


Екі көлік өртенді: Алматы облысында жанармай құю станциясында жарылыс болды 


Mitsubishi-дің тағы екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Кейін белгілі болғандай, зардап шеккендер - күйеуі мен әйелі болған. Туыстарының айтуынша, әйел жүкті болған.

Апат болған жерде тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр