Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

+46°С-қа дейін: Шілдеде қазақстандықтарды аптап ыстық күтеді

аптап ыстық

Фото: Shutterstock.com

Қазгидромет синоптиктері шілдеде еліміздің басым бөлігінде ауа райы аптап ыстық болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауа райы тұрақсыз, жауын-шашын, ал оңтүстікте қатты ыстық болады.

"1-5 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +15+22°С-тан +25+30°C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +30+39°C-тан +40+46°C-қа дейін өте қатты ыстық болады деген болжам бар. Тек айдың соңғы он күнінде ыстық қайтады", – делінген хабарламада.


Еуропадағы кондиционерлер аптап ыстыққа әсер етті – Сарапшы


Шілде айының екінші және үшінші онкүндігінде республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында ең ыстық күндері ауа температурасы +33+42°С, шеткі оңтүстікте +46°С-қа дейін көтеріледі. Салдарынан осы аймақтарда өрт қаупі жоғары болмақ.

Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында ауа температурасы түнде +15+23°C-тан +7+12°C-қа дейін, күндіз +32+39°C-тан +18+23°C-қа дейін ауытқиды деп болжанып отыр.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 01 Шілде, 2025 16:18
Талқылау