Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"45 жасымда балалы болатынымды білгенде ұялдым". Тамара Асар жүктілік кезіндегі әсерімен бөлісті

Әнші Тамара Асар баланың бақытты болуы үшін ата-анасының арасында шынайы махаббат болуы керек деп есептейді, деп хабарлайды Stan.kz агенттігі “Түнгі Студия” тележобасына сілтеме жасап. 

©instagram.com/tamara_assar_official

“Екі адам бас қосқаннан кейін екеуінің арасында дәнекер болатын баланың болғанын қалайды. Бұл – өмірдің мәні. Қызымның өмірге келетінін білгенде қорықтық, жасырып, ешкімге айтпай жүрдік. Қорыққаннан бұрын қатты ұялдым. Мен жасымнан ойлы әндер, әңгімелер айттым ба екен, тыңдармандарым мені “әже” көреді. Арасында  "Әже мен ата өздеріне шай құятын қыз туып алды" дегендер де болды”, – деді әнші.

Өнер иесі 2022 жылдың қалай өткенін айып, қорытынды жасады.

“Жаңалықтар көп. Жаңа жобаларға қосылып жатырмыз, Ажартайым бір жасқа толды, отбасылық үлкен тойымызды өткіздік. Философия ғылымдарының докторы болдым”, – деп тізбектеді Тамара Асар.

Әнші қазақтың тойшыл халық екеніне тоқталып, оның астарында үлкен мән-мағына жатқанын айтты.

“Тойды жәй ғана той деп түсінуге болмайды. Той деген – терапия. Адамдар бір-бірін емдейді. Көптен көрмеген адамдарды көріп қуанасың. Оның үстіне, той – есеп. “Мен қай деңгейде келе жатырмын?”, “Мен кіммін?”, “Мені кім сыйлайды, кім іздейді?”деген сұрақтарға жауап іздеп, есеп беретін күн  – той”, – дейді өнер жұлдызы.

Талқылау