"45 млрд теңге бөлінген": Әуезов театрының жөндеу жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты тоқтатылды деген ақпарат тарады
Фото: Видеодан скрин
Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры ғимаратын қайта қалпына келтіру жұмыстары қаржының жетіспеуіне байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист Полина Шиманская TikTok желісінде театр құрылыс алаңынан түсірілген видео жариялады. Онда журналист реконструкция жұмыстары 2024 жылдың соңында басталғанын айтқан. Оның айтуынша, жобаға 45 миллиард теңге бөлінгеніне қарамастан, бюджетте уәде етілген қаражат толық көлемде қарастырылмаған. Осы себепті құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған.
Мердігер компания театр ғимаратының тарихи келбетін сақтау үшін түпнұсқа “Қонаев дәуіріндегі” мәрмәрді бұзбай, сол күйінде қалдыруға уәде беріп отыр.
"Қалай шыдап отырсыздар": Әуезов театрындағы жиын жанжалға ұласты
Кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Министрлік мәліметінше, Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театр ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ.
“Нысанды реконструкциялау жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазір жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтіп отыр. Осыдан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажет қаражат бөлінеді. Жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында”, – делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ ведомство өкілдері театрды қайта жаңғырту жұмыстары толық көлемде аяқталатынын және ғимараттың тарихи әрі мәдени құндылығы толық сақталатынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Алматылықтар Әуезов театрының шынайы келбеті жоғалғанын айтып, шағым білдіргені туралы жазған едік.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді