Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

44 жастағы Баян Алагөзова жас көрінуінің құпиясымен бөлісті

Баян Алагөзованың жасы – 44-те. Алайда дене мүсіні мен сыртқы келбетіне қарап олай деп айту қиын. Себебі танымал продюсер сыртқы бейнесіне қатты мән береді, өзіне жүйелі түрде күтім жасайды.

Белгілі продюсер сұлулығының құпиясымен НТК арнасына берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

Продюсер, міне 25 жылдан бері үш ұстанымға адал екенін айтады. Біріншісі: аз-аздан және дұрыс тамақтану. Осылайша Алагөзова арнайы диета ұстамайтынын алға тартты.

«Екіншісі – көбірек су ішемін. Шырын да, шай да, газдалған су да ішпеймін. Күніне кемі 2 литр су ішемін. Жылы су ішкен дұрыс. Шамамен 36.6 градус», – дейді Баян.

Бұдан бөлек, Баян Мақсатқызы дәрумендер ішетін болып шықты. Күнделікті таңертең және кешкісін жүйелі түрде бетіне күтім жасайды екен.

Жіберіп алмаңыз: 

Рахман Омар: МС Сайлаубекте табиғи тазалық бар

Айман: Мұраттың толып, сахнадан көрінбей кеткеніне алаңдаймын

Бағлан Әбдірайымов: Мені қайтыс болды деп әзілдегенде Ердос бастап “ой, бауырымдап” жылаған

Иманбаева: Сәбитпен бірге тұрмағаннан кейін Алтынаймен не үшін араласуым керек

Талқылау