"433 теңгеден сатып алдым": Сауда министрлігі Қазақстандағы картоп бағасының өсуіне пікір білдірді
Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев Қазақстанда қазір картоптың орташа бағасы бір келі үшін 320 теңгені құрайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ернұр Жәутікбаев елімізде картоп жетіспеушілігі жоқ екенін алға тартты.
“Бүгінде картоп барлық желілерде бар. Күн сайын оның қорына мониторинг жүргіземіз. Тұрақтандыру қорларында картоп жеткілікті. Қазақстан бойынша шамамен 62 мың тонна қалды. Ол орташа есеппен елімізде 130 теңгеден, дәлірек айтқанда 129 теңгеден сатылады”, – деді Жәутікбаев.
Оның айтуынша, экспорт нысандарының ұлғаюына байланысты картоп бағасы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде өскен.
"Осылайша, егер логистика мен сауда үстемесін қоссақ, бүгінде баға Қазақстан бойынша орташа есеппен 322 теңге көлемінде өзгеріп отырады", – деді комитет басшысының орынбасары.
Журналистер шенеуніктің өзі картопты соңғы рет қашан және қандай бағамен сатып алғанын сұрады.
“Кеше супермаркетке бардым. Картопты 433 теңгеден сатып алдым. 322 теңге - бұл ел бойынша орташа бағасы”, – деп толықтырды ол.
Басшы картоп бағасының өсуі елімізде өткен жылмен салыстырғанда биыл түйнек дақылын 1,5 есе көп экспорттаумен байланысты екенін жеткізді.
Журналистер картоп бағасының бір келісі 500 теңгеге жете ме деп сұрады. Ернұр Жәутікбаев жағдайды реттеу бойынша жұмыс істеліп жатқанын алға тартты.