"42 күн комада жатқан": Ақтөбедегі оқу-жаттығу жиынында қаза тапқан жасөспірімнің ата-анасы кінәлілердің жазалануын талап етті
Фото: Марқұмның әкесі Нұрлыбек Мұқанғалиевтің жеке мұрағатынан
Ақтөбеде оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан 15 жастағы спортшы Рахымжан Елепбергеновтің ата-анасы әділдік талап етіп, ұйымдастырушылар мен жаттықтырушының жауапқа тартылуын сұрап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбеде 15 жастағы спортшы Рахымжан Елепбергенов қайғылы жағдайда көз жұмды. Оқиға биыл ақпанда қазақша күрестен өткен оқу-жаттығу жиындары кезінде болғанымен, бұл туралы тек жақында ғана белгілі болды. Жасөспірімнің ата-анасы басынан өткенді айтуға шешім қабылдады.
Марқұмның әкесі Нұрлыбек Мұқанғалиевтің айтуынша, ұлы қарсыласымен белдесу кезінде ауыр бас сүйек жарақатын алған. Жиында медициналық бригада болмағандықтан, алғашқы көмек көрсетілмеген.
"Ұлым бірнеше минут бойы қозғалмай жатты. Кейін жаттықтырушы оны орынсыз көтеріп, қайтадан жерге тастады. Менің сенімімше, оны құтқаруға болатын еді, ауруханада да мүмкіндік бар еді", – дейді әкесі.
Алғашында жаттықтырушы мен мектеп директоры туыстарының айтуынша, жарақаттың шын себебін жасырған. Ата-анасына басқа нұсқаны айтқан: баласы жаттығудан кейін жай ғана өзін нашар сезінгенін жеткізген. Тек сол күні кешке ғана басқа спортшылардан Рахымжанның жекпе-жек кезінде жараланғанын білген.
Спортшы комаға түсіп, онда 42 күн жатып шыққан жоқ. Дәрігерлер оған бес ота жасады, бірақ аман алып қалу мүмкін болмады. 2025 жылдың 5 сәуірінде Рахымжан Елепбергенов ауруханада көз жұмды. Өлім себебі бас сүйекке келген ауыр жарақат.
Қайғылы жағдайдан кейін отбасы ешқандай кешірім сөзін естімеген.
"Жиынды ұйымдастырушылар, білім және спорт бөлімі басшылары мен ұлымның жаттықтырушысы жауапқа тартылсын деп талап етемін. Маған олардан бір тиын да қажет емес. Біз Родниковка ауылында 15 жыл тұрдық, бірақ ұлымыздан айырылғаннан кейін ол жерде қала алмадық, қалаға көштік", – дейді Нұрлыбек Мұқанғалиев.
Полиция бастапқыда істі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету" бабымен қозғаған. Тергеу барысында бейнежазбалар қаралып, куәгерлерден жауап алынған. Алайда қылмыстық іс "қылмыс құрамының болмауына байланысты" және қадағалау органы келісімімен тоқтатылған.
Жамбыл облысында оқушылар қатарласын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде қазақша күрестен жаттығу кезінде 15 жастағы жасөспірім көз жұмғанын жазған едік. Жарыс кезінде медициналық қызметкер болмағаны белгілі болды. Ата-анасы баласына дер кезінде көмек көрсетілмегенін айтып, ұйымдастырушыларды айыптайды. Полиция іс қозғағанымен, кейін "қылмыс құрамы болмағандықтан" тоқтатты. Жауапты бапкер ғана жұмыстан босатылған.

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
