42500 теңгеден: Министр көпбалалы отбасылардың барлығына жәрдемақы төлеуді ұсынды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан, барлығына бірдей 42 500 теңгеден жәрдемақы төлеуді ұсынды. Бұл туралы Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Министрдің мәліметіне қарағанда, Қазақстандағы балалардың 60 пайызы көпбалалы отбасыдан шыққан.
«Осыған байланысты, көпбалалы отбасылардың қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандарды шығарып, оларға табысына қарамастан қолдау көрсетуді ұсынып отырмыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындайды, олардың материалдық ахуалын көтереді», - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Нұрымбетовтың сөзінше, жәрдемақы мөлшері сараланған түрде болады. Төрт баласы бар отбасылар айына 42 500 теңге алады. Бала саны қаншалықты көп болса, жәрдемақы да соншалықты көбейеді. Ең жоғары жәрдемақы 73 370 теңгені құрайтын болады.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық