"4000-нан аса қаптама": Шымкентте жалған MacCoffee зауыты анықталды (видео)

Шымкентте гаражда жасырын MacCoffee 3/1 өндірген тұрғын ұсталды. Одан 4000-нан астам жалған қаптама мен жабдықтар тәркіленді, өнім денсаулыққа қауіпті деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әділет министрлігінің мәліметінше, шикізат арзан, өндіріс жағдайлары санитарлық талапқа сай емес, ал қаптамалар бөтен тауар белгісімен жасалған.
Гараждан 4000-нан астам жалған MacCoffee қаптамалары, фасовка және қыздырылған жапсырма жабдықтары, дайын сусынға арналған ыдыстар.
"Құқық иесі бұл өнімнің 100% жалған екенін, және денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін растады. Ұйымдастырушыға әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін, ал іс сотқа жолданды", – делінген хабарламада.
Gorilla өндірушілері Қазақстаннан кету туралы қауесеттерге пікір білдірді
Ресейлік компания Солтүстік Қазақстан облысында 37 млрд теңгеге кондитерлік зауыт салады
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында "KatKit", "Nesquit" және "Зайка" деген атаумен 37 мыңнан астам жалған шоколад батончиктері тәркіленді. Зияткерлік меншік құқықтарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты іс сотқа жолданды, ал тұтынушыларға тек түпнұсқа өнімдерді сатып алу ұсынылды.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады