Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екеуміздің құпиямыз болсын деп айтқан": Алматыда туған әкесі 4 жасар қызын азғындап келген

Алматыда 7 баланың әкесі 4 жастағы туған қызын азғындағаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жеті баланың анасы күйеуінің орнына жұмыс істеп, отбасын асырап келген. Алайда ол күйеуінің кішкентай қызын ұрғанына көндікпей, "Немолчи" қорына көмекке жүгінген. Артынша іс сотқа дейін барып, келіншек күйеуінің уәдесіне сеніп, оған кешірім береді. 

"Бірінші рет ол осы жылдың 28 сәуірінде пандемия кезінде қоңырау шалды. Келіншек күйеуі 4 жасар қызын ұрып тастағаны туралы айтқан. Көпбалалы ана күйеуі жұмыс істемейтінін, отбасының жалғыз асыраушысы өзі екенін жеткізді. Біз қалалық полиция департаментіне жүгіндік. Олар тез жұмыс істеп, учаскелік полиция қызметкері істі сотқа өте адал жеткізді. Сотта күйеуі оны кешіруді сұрады, өкініп, кінәсін мойындады. Әйелі 15 тәулікке қамауға алуды сұраған. Бірақ судья оған 10 АЕК айыппұл салды. Бұл қаражатты да келіншектің өзі өтеген. Ерлі-зайыптылар ажырасып, кейін қайтадан қосылған", - делінген жазбада.  

Бірақ, көпбалалы ананың оқиғасы мұнымен бітпепті. Келіншек 4 жасар қызын күйеуі азғындап жатқан жерінен түскен. 

"5 қараша күні сағат 00.32-де ол тағы да дыбыстық хабарлама жіберді. Келіншек күйеуінің 4 жасар қызына зорлық-зомбылық көрсеткенін айтты. Әйел кіріп келген кезде күйеуі шалбарын көтеріп, жуыну бөлмесіне кетіп қалған", - деп жазды олар. 



Тергеу басталғаннан кейін, күйеуінің тустары кешірім беруін сұрап ақша да ұсынған. Оған қоса, туыстары балалармен көрісуге рұқсат беруін сұрапты. Алайда келіншек келіспепті. Жағдайының нашар екеніне қарамастан, ол соңына дейін барамын деп отыр. 

Оқиғаға қатысты алматы қаласы полиция департаменті түсініктеме берді. Олардың сөзінше, қазір қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша тергеу жүргізілуде. 

"Аталмыш дерек қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша тіркелді. Қылмыстық кодекстің "Адам өміріне қасақана қауіп төндіру", "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету" баптары бойынша тіркеліп, қазіргі таңда Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен тергелуде. Күдікті азамат ұсталып, бірден уақытша оқшалу абақтысына қамалды. Қазіргі таңда қылмыстық істің аясында тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Жасалған қылмыстың толық мән-жайы тергеу барысында анықталады", - дейді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі. 

Талқылау