"4 миллионын шешкізіп, көлікпен бірнеше банкоматқа апарған": Алматылық тұрғын атасының өліміне алаяқтарды кінәлады

Видеодан скриншот
Алматы тұрғыны атасы алаяқтардың арбауынан кейін қайтыс болғанын мәлімдеп, дабыл қақты. Ол кінәлілердің тез табылып, сонымен қатар егде жастағы ата-аналарын мұндай жайттардан сақтауға кеңес берді.
21 наурыз таңда алматылық Александр Шершаков “Жетісу” базарына кетіп, түске дейін қайтатынын айтқан. Түскі 1 жарымдарда немересі оған хабарлама жазып, іздей бастаған.
"Атам WhatsApp-та онлайн режимінде болса да, жауап бермеді. Қоңырау шалдым, бірақ алмай қойдым. Содан кейін сағат 14:30-да телефонына қоңырау шалғанда, басқа біреу жауап беріп тұр. "Бұл кім, атама бер!"деген соң, телефонды берді. Атамның дауысы көңілді естілді, бәрі жақсы екенін және жақын арада үйге қайтатынын айтты. Сөйтіп телефонды қоя салды. Мен тағы қоңырау шалмақ болып едім, алмады. Содан кейін жұмыс телефонымнан қоңырау шалдым. Сол кезде атам айқайлап, басқа біреуден хабар күтіп тұрғанын айтып, босқа мазасын алмауды өтінді", – деді немересі.
Сағат 16:30-да қоңырау шала алғанында, атасының артқы жағынан екі-үш адамның даусы естілгенін айтады. Сөзінше, атасы шаруалармен таксимен жүргенін және келгенде бәрін түсіндіретінін мәлімдеді. Бірақ егде жастағы ер адам үнемі қоғамдық көлікпен жүреді және әдетте таксиге мінбейді екен.
“Мен атама "Сенің қайда екеніңді білемін, полициямен бірге сен жаққа барамын, барлық картаң бұғатталған" дедім. Содан кейін басқа бір адам телефонды алып "Ха-ха, әрине, Ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды бұғаттап тастады" деп телефонды қойып тастады”, – деді ол.
Айтуынша, 15 минуттан соң атасы қайтадан қоңырау шалып, оны көліктен түсіргенін және үйіне қайту үшін аялдамаға бара жатқанын айтты. Одан немересі “жаныңда алаяқтар болды ма?” дегенде “иә” деп қана жауап беріп үлгерген. Қайтадан байланыс үзіліп, өтіп бара жатқан адамдар телефонды алып, атасының құлап қалғанын айтқан.
Жедел жәрдем 10 минуттан кейін келгенімен, олар оны құтқара алмады.
Ата сол күні Home Credit банк кассасынан 4 миллион теңге алғаны белгілі болды. Содан кейін оны көлікпен банкоматтарға апарып тастауы мүмкін дейді. Ол сегіз түрлі картаға 4 миллион аударып, түбіртектерді сақтап қалды.
Немересі Алинаның сөзінше, мұның артында тұтас бір қылмыстық топ тұр. Олар атаны қорқытып, қысым көрсетті дейді.
Ол қазақстандықтарға қарт туыстарының кіммен байланысып жүргенінр қадағалап қоюға кеңес берді.
Сондай-ақ ол Home Credit-тің қолма-қол ақша алу лимиті 1 миллион теңге болса да, 4 миллион бергеніне наразы.
“Клиент филиалға келген кезде оның қылмыскерлердің қысымына ұшырағаны туралы ешқандай ақпарат болмады. Клиент филиалға жеке куәлігімен жүгінсе және оны мәжбүрлегені туралы хабарламаса, банк оның ақшасын беруге міндетті. Алдын ала резервсіз қолма-қол ақша алу лимиті – 1 000 000 теңгеге дейін. Дегенмен кассада қаражат болса, қызметкер бұл лимиттен асатын соманы ала алады. Банкоматтар мен терминалдардан күніне 5 000 000 теңгеге дейін ақша алуға болады”, – деп мәлімдеді Home Credit банкі.
Банк қажетті материалдарды құқық қорғау органдарының ресми сұранысы бойынша беретінін айтты. Ал бейнебақылау камерасының жазбасы директордың қолымен ғана беріледі дейді.
Ал Алматы полиция департаменті Бостандық аудандық полициясы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Полиция күдіктілерді анықтау және оларды дереу ұстау үшін қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді