4 баланың анасы “Бала туа бересің” деп сөккен қайын атасына ренжіп жүр
Төрт баланың анасы “Бала туа бересің” деп сөккен қайын атасының сөзіне ренжіп жүр. Атасы ақ су ішіп қонақтардың көзінше жанжал шығарған екен.
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Менің көңілімді қатты қалдырған жай туралы жазайын деп едім. Әңгіме ата-енем туралы болмақ. Мен бүгінде 4 баланың анасымын. Жағдайымыз жақсы. Ешкімнен кем қылмай өсіріп, махаббатымызға бөлеп, тәрбиелеп отырмыз. Ал атам ішіп алып маған “Қырғын бала тудың” деп шу шығарды. Көп балалы ана екенімді бетіме басып жылатты. Атасының келініне айтқан сөзі осы болса, арғысын білмедім.
Тек күйеуім үшін жанжал шығармадым. Әйтпесе, мінезім қатал. Бетке тікесінен айтып отырамын. “Маған олай айтпаңыз. Қырғын емес, 4 балам ғана бар” дедім. Енді үйлеріне бармақ түгілі, көргім келмейді оларды. Балаларымды да ата-әжесіне жібергім келмейді. Жаным жараланып, түнімен ұйықтай алмай шықтым. Ал осындайда не істеуге болады? Көптеген жаман сөз естіп келемін осы адамдардан. Қатты шаршадым. Басқа қалаға көшіп тыныш өмір сүргім келеді”, – дейді келіншек.
Жіберіп алмаңыз:
ОҚО-да ата-аналар балабақшадан балаларының аш қайтатынын айтып шағымданды
Білім министрлігінің кезекті реформасы тағы дау туғызды
Елімізде бензиннің қымбаттауы жүргізушілерді көліктерін тастауға мәжбүрлеп жатыр
Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қаққан жүргізуші судьядан жылап тұрып қамауға алмауын сұрады