Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

38 жастағы қазақстандық әйел татуировкаларға қызығушылығы туралы айтты

38 жастағы Гүлдана Жұрқабаева татуировкаларға деген ерекше қызығушылығы туралы айтып берді. Ол әзірге денесіне үнді бояуымен сурет салдырып жүр екен. Болашақта қолына шексіздік белгісін салдырмақ.

1181016

Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.

Денеге сурет салу осыдан 600 жыл бұрын пайда болды деген дерек бар. Капитан Куко Таити еліне сапары барысында денесіне таңба түсірген адамдарды алғаш рет көріп, «тату» деген ат қойған екен. Бұрын бізге таңсық көрінетін кинодағы таңбаларды көретінбіз. Қазір қоғамда бұған сұраныс көп.

Джулия Гнуседенің денесінің барлық бөлігін айқыш-ойқыш кескін жайлаған. Оны жұрт «суретті ару» деп атайды. Бұл әрекетінің себебін жақында ғана білдік. Ол сирек кездесетін тері ауруының біріне шалдыққан екен. Қазір денесінде 400-ге жуық сурет бар. Ал лондондық бойжеткен Сара Найт тілін екіге бөліп тастаған. Ол, тіпті, көзінің қарашығына татуировка жасап алды. Косметолог болып жұмыс істеген Сара өзінің табиғи келбетімен мақтанатын. Кейін боди артқа әуестеніп, дене мүшесіне түбегейлі өзгерістер енгізуді бастапты.

«Бүгінде барлығы денесінің ашық бөлігіне сурет салуды жөн көреді. Беліне, иығына, қолына татуировка салу белең алып бара жатыр. Біздің салонға келетін 18 жастағы Катя есімді бойжеткен бар. Денесінің барлық дерлік бөлігі түрлі суреттермен безендірілген», – дейді тату шебері Михаил Когут.

Сән салондарының мамандары тату салуға сұраныстың жоғары екенін айтады. Бағасы 7 000 теңгеден басталып 100 мыңнан асып жығылады екен. Күрделі татуировка салдырғысы келетіндердің саны да көп. 120 000 теңгеден басталатын қомақты соманы шытырлатып санап берудің олар үшін түк емес екенін айтып жатыр мамандар. Мұндай суреттерге қазақ қыз-жігіттері де қызыға бастаған-ды. Олар денесіне ағылшын тілінде сөздер жаздырып, түрлі сурет салдырып жатыр. 38 жастағы Гүлдана Жұрқабаева қолына шексіздік таңбасын салдыруды армандап жүр.

«Қолымдағы үнді бояуымен салынған жай сурет. Ол небәрі 10 күнге жарайды. Мольбертке сурет салып жатқан болатынмын. Арасында демалып отырып қолыма да сурет салуды жөн көрдім. Арнайы аты жоқ, ойыма келген нәрселерді сала бердім. Өзіме қатты ұнайды. Денеме өшпейтін сурет салдыру ойымда бар. Әзірге эскиздер дайындап жатырмын. Өзім шексіздік символын жақсы көремін. Соны салдырғым келеді. Денем қатты ауыруы мүмкін деп қорықпаймын. Бұл қыздардың қасына татуаж жасатқанмен бірдей. Кей адам бар мұны күнә деп біледі. Бірақ менің достарымның барлығы дерлік мұндай суреттерге қарсы емес. Басқа адамның денесінен сурет көріп қалсам, сол туралы міндетті түрде сұраймын. Жалпы студент кезімнен бастап денеме татуировка салдырғым келіп жүрді. Бірақ шығармашылықпен жүріп қолым тимеді. Қазір бұл нәрсе трендке айналып жатыр десек те болады», – дейді  Гүлдана Жұрқабаева.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық ана қызын бермей қойған кедей жігіт байыған кезде қатты өкінді

Психолог: Жақыныңыздың күнәсін кешіргіңіз келсе, оны “өлтіріңіз”

Ардагерлер үйіндегі қария қызметкерлердің күн көрсетпейтінін айтып налыды

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Талқылау