Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"38 жастағы көпбалалы ананың өтініші": Депутат Дәулет Мұқаев "оптом" тұсау кесемін деп сынға қалды

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "тұсау кесемін" деп хабарландыру беріп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Халық қалаулысы сәуір айында  баланың тұсауын бір уақытта кесемін деп оқырмандарына хабарлады. 

“Сәуір айындағы “оптом” тұсаукесерге  50-ден артық бала 12 минутта толып қалды. Үлгергендер үлгерді”, – деп жазды депутат. 

Одан кейін ерекше жанның тұсауын кескенін де көрсетті. 

“Өзінің өтініші бойынша, 38 жастағы көпбалалы ананың тұсауын кестім. Ақ жол! Бастысы оқырманымның гештальты жабылды, арманы орындалды”, – деп жазды блогер.



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қызу талқылап жатыр.

“Мынау енді шеттен шыққандық”, “Неше баланың анасы болса да, ақылы аздау екен”, “Депутат заң шығарудың орнына тұсау кесіп жүр”, “Жасым 47-де, тұсауымды ешкім кеспеген”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, отандық шоу-бизнес жұлдыздары шағын тойларға 3 миллион теңгеге дейін сұрайтынын жазған едік.

 

Талқылау