Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел бала сүю үшін әпкесінің жатырын өзіне салдырған

36 жастағы британиялық әйел әпкесінің жатырын ауыстырып салғаннан кейін дені сау қыз босанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: РА

Ұлыбританияда 36 жастағы Грейс Дэвидсон елде жатыр ауыстыру арқылы бала босанған алғашқы әйел болды. Дэвидсонның айтуынша, ол сирек кездесетін туа біткен даму кемістігі – Майер – Рокитанский – Кюстер – Хаузер синдромы салдарынан жатырсыз туған. Әйелге ана болу мүмкіндігін үлкен әпкесі Эми Перди сыйлады. 40 жастағы әпкесі, екі баланың анасы, 2023 жылы өз жатырын сіңлісіне беремін деп шешім қабылдаған.

17 сағатқа созылған күрделі операциядан және кейінгі оңалту кезеңінен кейін, екі жылдан соң Дэвидсон жүкті болды. Дәрігерлер қан кетуі мүмкін деп алаңдаған. Бірақ, таңғаларлығы, жүктілік жеңіл өтті. 9 айдан кейін кесар тілігі арқылы ол есімі әпкесінің құрметіне берілген дені сау қызды дүниеге әкелді. 

"Бұл сөзсіз өмірімдегі ең керемет күн болды. Қуаныш пен бақытқа, көз жасына толы күн болды. Ана болуды ұзақ жылдар бойы армандадым", – деді ол.

с

Фото: РА

Дәрігерлер бұл операцияны медициналық серпіліс деп санайды, ол Майер – Рокитанский – Кюстер – Хаузер синдромына шалдыққан әйелдерге ғана емес, сонымен қатар эндометриоз немесе қатерлі ісік себебінен жатырын алдыруға мәжбүр болған әйелдерге де үміт сыйлайды.



Еске салайық, Германияда зейнеткер әйел экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) көмегінсіз бала көтеріп, дүниеге сәби әкелгенін жазған едік. Сәби кесарь тілігі арқылы туып, салмағы 3,5 келі болды. Хильдербрандттың айтуынша, ұлы табиғи жолмен өмірге келген. Әйел мүлдем гормон дәрілерін қабылдамаған және жүкті болуда қиындық көрмеген.

Талқылау