Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

35 жастағы әйел өзінің отырып қалғанына төркіншіл анасын айыптады

35 жастағы әйел әкесінің ішімдікке салынып, өзінің отбасын құра алмағаны үшін анасын айыптады. Бүгінде пайғамбар жасына келген анасы бар тапқан-таянғанын төркініне тасып, балаларына мүлдем назар аудармайды екен. Осының салдарынан үш қызының бағы жанбаған.

1363167023_full

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Менің мəселем – анамда. Отбасында 5 баламыз – 3 қыз, 2 ұл. Ес білгенше анамды асыл көріп, анда-санда ішіп келетін əкемді иттің етінен жек көретінмін. Ес білген соң түсіндім. Барлық мəселе əйелде екен. Негізі қазақта көбіне қыз бала тұрмыс құрғанда отбасын бақытты етуді армандап шығады деп білемін. Менің қазір анам туралы айтқаным – ауыр күнə. Құдайым кешірсін мені! Осында адамдар жанайқайын айтып жақсы болып қаламын деп жазады. Мен де солай. Менің анам – бар ықыласы бауырларына, солардың балаларына ауып кеткен, 60-тан асса да ақылы қонбаған төркіншіл адам.

Биыл Пайғамбар жасында. Дəл қазір шалғайдағы төркінінде жүр қыдырып. Əкем зейнетте болса да жатқан емес. Былтыр жүрек талмасына ұшырап есімізді шығарды. Өзім үшінші қызбын. Менен кейін екі ұл бар. Əкеме деген балалық махаббатым басқалардан ерекше, əкем де мені солай жақсы көреді. Отбасыда ептісі мен деп маған арқа сүйейді. Анамның ақымақтығын айтсам эпопея жазамын. Мектепте оқып жүргенде менімен құрдас бөлем қыстыгүні туфлимен қонаққа келген. Жағдайлары нашар болатын. Анам менің жалғыз қыстық етігімді кигізіп жіберді. Мен 1 апта сабаққа бара алмай қалдым. Сонда мұғалімім іздегенде анам мені аямай шашымнан алып ұрды. Себебін əлі күнге дейін түсінбеймін.

Жасым 35-те. Үш қыздың да бағы жанбады. Кейде өзің де ойланасың ғой бұл қалай деп. Текке мақтанғаным емес. Аллаға шүкір, үріп ауызға салардай түріміз бар, үш қыздың да мінезі жайлы. Қайбір жылы имам айтқан “Анаң үлкен қарғыс алған. Сондықтан қыздарының бағы жанбайды. Анаң иманға бет бұрсын” деп. Анама айтсам көңіл де бөлмейді. Төркініне аузымыздағыны алып береді. 40-тан асқан бауырлары ұялмай алақан жаяды. Əкем кіндіктен жалғыз. Бар тапқаны балаларына бұйырмағасын ішкен екен кезінде. Енді ұқтым. Қазір татып та көрмейді. Інілерім ынжық. Үлкен інім үйленген 3 жыл бұрын. Әйелінің түрі де, төркіншілдігі де анама тартқан. Ененің топырағынан алады деген осы болар. Інім бөлек тұрады. Əлі де күнде ажырасып, қайта қосылып жүр. Інім қарызға батқан қазір. Інімнің денсаулығы жоқ, жұмысы ауыр. Ауырса мен барамын. Əлі күнге дейін мен киіндіремін”, – дейді әйел.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек екінші күйеуін көңілдесінен қалай ажыратып аларын білмей жүр

Алып қашудың құрбаны: Үйге кетейін десем, әке-шешемді жерге қаратамын деп қорқамын

Бойжеткен жігіттерді аузына қаратқан туған сіңілін қызғанып жүр

Келіншек достарымен неке түні туралы ашық әңгімелесетін күйеуіне ренжіп жүр

Талқылау