Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"35 жасыма дейін доппинг қабылдап көрген емеспін": Қуат Хамитов UFC-де өнер көрсетуі туралы айтты

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов әлі де әлемге әйгілі UFC тұжырымында өнер көрсету ойында бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/kuat__khamitov

“Найман” лақап атымен танылған танымал аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов жақында ғана кәсіпқой бокста бағын сынап, жарқын жеңіске қол жеткізді. Спортшы мансабында әлі тоқтатпайтынын және UFC-ден әлі де үмітті екенін жасырмады.

“Мен 35 жасыма дейін ешқашан допинг қолданған емеспін. “Химия” мен “фармаға” отырмай, ағзамды таза ұстап келе жатырмын. Әрине, әлі де UFC-де өнер көрсетсем деген үмітім бар. Енді бір-екі жылда Орталық Азияда UFC турнир өткізеді деген сыбыс бар. Сол турнирлердің бірінде шығып қалатын шығармын. Жалпы спортты әлі тастауға дайын емеспін”, – деді Хамитов. 

Айта кетейік, Қуат Хамитов кәсіпқой бокста дебютті жекпе-жегін жақын досы Нұрберген Шариповқа қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті. 

 

Талқылау