Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

34 жастағы келіншек алғашқы махаббатын сағынып күйеуін тастап кеткен

Келіншек әлі күнге дейін алғашқы махаббатын сағынып жүргенін айтып жылады. Тіпті, ол үшін бір кездері күйеуін тастап кеткен екен. Бірақ, алғашқы махаббатының өзге отбасы болғандықтан, оған қайтып бармаған.

Blog-13-Woman-Alone-Sad-DP-21813871_s

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Қазір 34 жаста болсам да, өткенімді ұмыта алмай жүрмін. Мен оқушы, студент болып жүрген кезімде бір жанды ғана жақсы көрдім. Ол менің сөзіме құлақ аспайтын еді. Тек жүзіне қарап көңілім тоятын. Аса келбетті болмаса да, ақылды әрі сабырлы еді. Кез келген әңгімесін “Солай ма, жаным” деп аяқтайтын. Ессіз ғашық болдым. Көзіне қарасам, тұңғиығына батып кетердей күй кешетінмін. Уақыт өтіп, студенттік күндердің аяқталатын күні жақындап қалды. Маған үйленуге ұсыныс білдірген кезде, анамнан рұқсат сұрадым. Бірақ, анам оқуымды аяқтамайынша тұрмысқа шықпайтынымды айтты. Жігітім мен өзім қарсы болып отырмын деп ойлады. Осы кезде екеуіміз ренжісіп үлгердік. Уақыт өте келе мен өзге бір жанға тұрмысқа шықтым. Ақымақтық жасағанымды кеш түсіндім. Тойым болып жатқан кезде іштей жыладым. Ақыры ол жаннан кетіп қалдым.

Сүймеген жанмен бірге өмір сүру қиын екен. Әлі күнге дейін күйеуім үшін дұға етіп, менен де жақсы жанды жолықтыруын тілеп жүрмін. Менің жауапкершілігімнің жоқтығының салдарынан оның өмірінің тас-талқаны шықты. Жылдар өтсе де, алғашқы махаббатымды ұмыта алар емеспін. Менің нөмірімді тауып алып бір күні хабарласты. Оның шаңырағы шайқалмасынша деген ниетпен жақтырмай сөйлестім. Іштей жүрегім сыздап тұрды. Ештеңе өзгертуге болмайтынын білсем де, түнімен жылап шығамын. Жақсы көріп тұрсам да, көрген жерде суық сөйлесемін. Ал басқа жігіттермен бір-екі сөйлескеннен кейін-ақ араласқым келмей қалады. Оны ұмыту үшін осы күнге дейін көп нәрсе жасадым. Қолымнан келмей қойды. Қазіргі жұбанышым – жұмысым. Жалғыздыққа әбден үйреніп аламын ба деп қорқамын. Кейде анамды кінәлаймын. Маған өзгеріп, жаңа өмір бастаудың жолын айтыңыздаршы, өтініш”, – деп жазады келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен маскүнем әкесінен көрген қорлығы туралы айтып жылады

35 жастағы әйел өзінің отырып қалғанына төркіншіл анасын айыптады

Келіншек екінші күйеуін көңілдесінен қалай ажыратып аларын білмей жүр

Алып қашудың құрбаны: Үйге кетейін десем, әке-шешемді жерге қаратамын деп қорқамын

Талқылау