Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

33 жастағы қазақ қызы пластикалық ота арқылы сұлуланған соң өзіне қалталы күйеу іздемек

33 жастағы келіншек пластикалық ота жасатқан соң өзіне ақшасы бар күйеу іздейтінін айтты.

Атын айтпауды өтінген Астананың аруы 33-те. Кеудесін өсірген, көзі де жасанды, өзінікі емес ерні де. Айтуынша, екі ай азаматтық некеде тұрған. Бұған дейін де төсі мен ернін, көзін үлкейтіп ота жасатқан, деп хабарлайды Евразия арнасы.

«Екі ай бір жігітпен азаматтық некеде тұрдым. Бірақ ол сүйіскенде ернімнің ыңғайсыз екенін айтты. Сондықтан ол маған ұнамай қалды. Қазір ақша жинап жатырмын. Түрімді дұрыстап, ерніме қайта ота жасатып, 18 жастағы қыздай болам. Осылайша қалталы азамат тауып, қаратып алғым келеді. Оның несін жасырамыз. Қазір бәрі маскамен жүреді», – дейді ол.

Табысы көп азамат табуды көздеген ол ерніне 7 рет ота жасатқан. Бірақ ешқайсысы көңілінен шықпапты.

Ұнағысы келеді. Ал оларға ұнай ма? Көшеде сауалнамаға жауап берген азаматтардың дені жасанды сұлулықты ұнатпайтындарын айтты.

Әрине, әдемі болуға әркімнің-ақ бар таласы. Бірақ артық қыламыз деп тыртық қылғандар арамызда жетеді. Мысалы мына келіншек, көзін үлкейтем деп мүлдем көруден қалды.

Ал, Дана Агамырадова денесіңдегі майды диетасыз алдырам деп ота жасатып еді. Нәтижесін ешкім көре алмады. Бақилық болды өйткені. Біріккен Араб әмірліктерінде тұратын әпкесінеәлеуметтік желі арқылы хабарласып, қайғылы оқиғаға қатысты пікірін жаздық.

“Шынымды айтсам, мен оғанота жасатпай-ақ қойшы деп кеңес бергем. Бірақ тыңдамады. Құрбыларының кеңесімен Қазақстанғабарды. Біз сұлулыққа ұмтылыстың соңы аяныштыаяқталады деп ойламадық”, – дейді Агамырадованың туысы Ирина Агамырова.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Сондықтан кінәлы тарап жауапқа тартылмады.

-Ақшаны қайтарды ма?

-Өкінішке орай жоқ. Сорақысы, оқиғаны пайдаланып, сіңлімнің сөмкесінде тұрғанақшасын да ұрлап кетіпті. Дәрігер де жазаланбады. Менің білуімше, ол бұрынғыша жұмыс істейді, адамдарға операция жасайды. Данаға ота жасаған дәрігер қазір жұмысын ауыстырған.

Емханасына іздеп бардық. Сенесіз бе, бірде-бір жан жоқ…Ақылдасып алғандай, яки біздің келетінімізді біліп қойды ма Дана қаралған емхананың іші де тым тырыс. Астанада дәл қазір ең арзан пластикалық операция ерінге жасалады. 35 мыннан басталады. Одан кейін құлақ кішірейту, көз түзеу 70 мыңнан жоғары. Мұрын өзгерту 150 мыңның айналасы.

“Шынайы мен идеалдың ортасын таппаған адам өмірі қанағатсыз болып өтеді екен. Мысалға идеалды деген, менің табиғатым өзі ірімін, аірі адаммын, менің көзімнің табиғаты лсындай, мен ешқашанда джолилдің көзіндей көз, сүйегіндей сүйек болмайды менде. Соған ұмыталы беру өзіме ішімде сенімсіздік, өзіме деген ждеккөрініш, өзіне деген жағымсыз сезіпмдерді алып келеді”, – дейді психолог Майра Тойшыбаева.

Сыртқы келбетті өзгерту ішкі арпалыстан туады. О баста, көркем келбетті қалайды, кейін жасатады, қызығады, сол қызығушылық әдетке айналады. Ал әдеттен арылу оңай емес.

“Ауытқу олғандықтан, оны бақылай алмайды. Ол ауру сияқты, оны ешкім қадағалай алмайды, ол адамдарға көмек керек””, – дейді психолог.

Жұрттың алдында жүрген жұлдыздардың жарқырағысы келеді. Ота жасатады, сайтан емес қой, қартаймайтын. Бірақ оны құпия ұстайды. Мысалы 46 жастағы Меруерт Түсіпбаеваның қартайғысы келмейді.

“Бетімдегі ажарды сақтап қалу үшін мен айына 200 мың жұмсаймын. 38 жастан бастап клиникаларға бара бастадым”, – дейді әнші Меруерт Түсіпбаева.

Поп музыка королі Майкл Джексон пластикалық операция жасауда рекорд орнатқан жұлдыз. 50 рет пышақ астына түскен.

Ал пластикалық отаның ең танымал құрбаны Джоселин Вильденштейн. Бүкіл әлем оны «мысық-әйел» ретінде таниды.  Тіпті жаһанның жігіттері де қыздардан қалғысы жоқ.

Жалпы, шариғат не дейді?

«Адам қоян тілік ерінмен туылса немесе екі саусағы жабысып туылса, осы сияқты жағдайларда, күйіп қалса, абайсызда денесіне зақым келтірсе, қалпына келтіру үшін ота жасатуға шариғатта рұқсат. Ал, дене бітімі көңілінен шықпағандықтан ернін не омырауын үлкейтіп, ішін тарылтып, дене мүшесінің пішімін өзгертуге тыйым салынады», – дейді белгілі ғалым, исламтанушы Ершат Оңғаров.

Тағы да оқыңыз:

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Ресейде кондуктор қазақ студентін кемсітіп, автобустан қуды (видео)

49 жастағы «әже» Инстаграмдағы ең сексуалды әйел атанды (фото)

Талқылау