Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"32 жыл толды": Жеңіс Ысқақова тұрмысқа шыққан кездегі фотосын бөлісті

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жеңіс Ысқақова тұрмысқа шыққан кезін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhenisiskakova/

Өнер иесі жолдасымен шаңырақ көтергеніне 32 жыл толған. 

“Әдемі тілектер қабылданады. Шаңырақ көтеріп, отау құрғанымызға 32 жыл толыпты. 3 қазан, 1992 жыл. Күйеуім ем алып жатқан жеріме келіп, құттықтап кетті”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, өнер иесі бір рет қана тұрмыс құрғанын айтқан еді.   

“Бірде ауруханаға жатып қалдым. Сөйтіп балам келді ауруханаға. Баламнан заттарды алып, шығарып салып жатсам күзетте отырған жігіт: “Балаңыз ба? Бірінші күйеуіңіздің баласы ма?” деп сұрады. Шошып кеттім: “Құдай сақтасын, бірінші күйеуім де, екінші күйеуім де бір адам. 30 жыл отасқан күйеуімнен туған балам. Менің бір ғана күйеуім бар” деп жауап бердім. Сөйтсем ол да “жас күйеуін көрсетті” деген жаңалықты көрген екен. Бірақ сол жақсы болды. Содан кейін күйеуімді ел тани бастады. Күйеуімді көрсете алмай жүр едім”, – деп күлген еді Жеңіс Ысқақова. 

Талқылау