Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

32 жастағы астаналық әйел қызғаныштан жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастаған

32 жастағы әйел опасыздық жасаған жігітін өз бетінше піштіріп тастағанФото: ЖИ

32 жастағы үш баланың анасы қызғаныштан ұйықтап жатқан жігітінің жыныс мүшесін кесіп тасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға жайлы уролог Жалғас Игембай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

34 жастағы ауыр жағдайдағы ер адам ес-түссіз жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Әйелдің айтуынша, жедел жәрдемді өзі шақырған”.

Кейінірек әйел жігітінің опасыздық жасағанын біліп қойып, оған ұйықтататын дәрі бергені анықталды. Ер адам ес-түссіз жатқанда әйел сүйіктісін піштіріп тастаған. Ер адам ауруханаға тым кеш жеткізілгендіктен, ағзаны қайта қалпына келтіру мүмкін болмаған.

“Өмірін аман алып қала алды, ал еркектің болашағын – жоқ. Бұл сериал емес, шын оқиға. Тек баяғыда болған”, – деп жазды Жалғас Игембай.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада әйел қызғаныштан жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастағаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Жұма, 23 Қаңтар, 2026 11:49