Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"32 миллион теңгеден аса заңсыз сыйақылар алған": Шығыс Қазақстан облысында ХҚКО-ның бұрынғы басшысы сотталды

Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Азаматтарға арналған үкімет" КеАҚ филиалының Өскемендегі мамандандырылған бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

2023 жылдың ақпан мен қазан айлары аралығында күдіктінің жүргізуші куәлігін алу үшін жол қозғалысы ережелерінен теориялық емтихан тапсырған азаматтардан заңсыз сыйақы алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

"Follow the money (ақшаға қалтаға басу) қағидаты бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізуді көздейтін агенттіктің "Параллельді қаржылық тергеу" іске асырылып жатқан жобасы 32 миллион теңгеден астам заңсыз сыйақылар түрінде алынған қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді", – делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктінің банктегі жеке шотына мобильді қосымша арқылы сыйақы алғаны белгілі болды.

Мұндай кірістер құқық қорғау органдарында күдік тудыруы мүмкін екенін түсініп, олардың қылмыстық шығу тегін жасыру мақсатында күдікті сол банктегі шоттары арасында бірнеше рет аударымдар жасаған.

"Бұдан басқа, параллельді қаржылық тергеу шеңберінде қылмыстық ақша қаражатына күдіктінің Өскемендегі екі бөлмелі пәтер сатып алынғаны және оны жасыру мақсатында анасына ресімделгені анықталды. Кейіннен бұл пәтер тәуліктік жалға беру үшін пайдаланылып, 1,2 миллион теңгеден астам қосымша қылмыстық табыс әкелген", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар тәркілеуге жол бермеу мақсатында күдікті соталды. Тергеп-тексеру басталғаннан кейін аталған пәтерді сатып алу-сату шарттары бойынша үшінші тұлғаларға тіркеген. Сот үкімі бойынша күдікті кінәлі деп танылды. Оған Қылмыстық жолмен алынған 19,5 миллион теңге болатын Өскемендегі екі бөлмелі пәтерді мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.


  • Қазынашылық комитет екі жылда 124 миллиард теңге бюджет шығынына жол берген

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында бір топ Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері 30-дан астам жүк көлігін бастапқы тіркеуден заңсыз өткізгенін жаздық. Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлем түспеген. Күдікті ретінде мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды. Сот оларды "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді

Талқылау