Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қызға 300 рет қоңырау шалып, аңдыған ер адам қамауға алынды

Фото: pixabay.com

Ақтауда ер адам қызға түрлі нөмірлерден 300 рет қоңырау шалып, аңдығаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, қала тұрғыны бұрынғы танысы өзіне тыныштық бермей, соңынан қалмай жүргенін айтып 3 ақпанда полицияға жүгінген. Айтуынша, ер адам 2024 жылдың қазан айынан бері мазасын алған. Ол оның үйіне және жұмыс орнына қайта-қайта келіп, демалыс орындарында да аңдып жүрген.



Полицияның мәліметінше, күдікті әйелге түрлі нөмірлерден шамамен 300 рет қоңырау шалған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылғанымен, ол талапты орындамаған. Осыған байланысты нұсқаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

STAN.KZ
Жұма, 06 Ақпан, 2026 15:04