300 млн теңге пайда тапқан: Шымкентте қолдан ішімдік жасап сатқан ерлі-зайыпты ұсталды
Шымкентте қолдан ішімдік жасап сатқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкентте астыртын цехтың жұмысын жолға қойған отбасы құны 300 млн теңгеден асатын тауарды сатып үлгерген.
Қаржы мониторингі агенттігі ұсталғандар көлеңкелі бизнеспен екі жылдан бері айналысып келе жатқанын анықтады. Олар өндірген тауарларын Шымкент қаласынан бөлек, Түркістан, Жамбыл облыстарына да жөнелткен. Жасырын цехты тінту кезінде тоғыз тонна этил спирті пен 24 мың дана жалған акциздік марка тәрікіленді.
Күдіктілер қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа жалпы құны 234 млн тенге болатын 13 қымбат көлік сатып алған. Ізін жасыру үшін туыстарының атына рәсімдеген көліктері тәркіленіп, ерлі-зайыпты 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"