30 жыл бұрын екі ұлын өлтіргені үшін сотталған әйел бостандыққа шықпақ
30 жыл бұрын балаларын өлтіргені үшін сотталған америкалық Сьюзан Смит бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Apnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: apnews
Ол 1994 жылы екі ұлын көлікке отырғызып, қолын байлап, Оңтүстік Каролинадағы көлге апарып, батырып өлтірген.
- "Сыйластық танытпады": Қызылорда облысында өзінен кіші баланы ұрып өлтірген оқушы 6,5 жылға сотталды
Сьюзан Смит сотталғаннан кейін шамамен 30 жыл өткен соң, яғни келесі айда шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш береді.
Фото: apnews
1995 жылы алқабилер Смитті өлім жазасына кеспей, өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Сол кездегі қолданыстағы заң бойынша ол 30 жыл түрмеде отырған соң босатуды сұрауға құқылы болған.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда 30 жыл бірге тұрған күйеуін белбеумен буындырып өлтірген әйелге сот үкімі шыққан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген