Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 жыл бойы екінші отбасын жасырып келген ер адам түрмеге қамалды

Ер адам екінші отбасын жасырғаны үшін сотталдыФото: fizkes / Shutterstock / Fotodom

Сингапурда 30 жыл бойы екінші отбасын жасырған ер адам бір жыл бес айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mothership-ға сілтеме жасап хабарлайды.

67 жастағы Нг Теонг Мин алғаш рет 1980 жылы мектептегі сүйіктісіне үйленген. Ерлі-зайыптылар екі бала тәрбиелеп өсірді. Алайда 1985-1995 жылдары ол жұмыс бабымен Малайзияның Саравак аймағына жиі барып жүрген кезде басқа әйелмен көңіл жарастырып, 1995 жылғы желтоқсанда онымен де некеге тұрған. Бұл отбасында да екі бала туған. Екінші әйелі алғашқы отбасын білген.

Миннің екі отбасымен қатар өмір сүріп жүргені жайлы ақпарат алғашқы жұбайына тек белгісіз адам Сингапурдың Иммиграция және бақылау қызметіне хабар бергеннен кейін белгілі болды. Тергеу нәтижесінде бірінші әйелі ажырасуға шешім қабылдаған. Сотта Мин көзіне жас алып, отбасына келтірген ауыртпалық үшін өкінетінін мәлімдеді.

2 желтоқсанда сот оны түрме жазасына кесті. Ол бостандыққа шыққан соң “ең үлгілі жанұя басы болуға” уәде берді.

Айта көрейік, бұған дейін әйел 22 жастағы қызының жатырынан сәбиін кесіп алғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 13:16