Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"30 тамыз мереке мәртебесінен айырылады": Биыл еліміз Конституцияны қай күні атап өтетіні айтылды

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев биыл 30 тамыз Конституция күні атап өтіле ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс кулуарында журналистер Сәрсембаевтан егер 15 наурызда қазақстандықтар жаңа Конституция жобасын қолдаса, 30 тамыз мереке болып қала бере ме деп сұрады.  

“Өте жақсы сұрақ, бұл маған да қызық. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңа Конституция жобасын оқыдыңыздар ма? Егер оқысаңыздар, онда 94-бап дәл осы мәселеге арналған. "Онда жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып жарияланады" делінген. Демек, егер халық дауыс беріп, Конституцияның жаңа жобасын қолдаса, онда 15 наурыз Конституция күні болып есептеледі. Ал 30 тамыз бұл мәртебесінен айырылады”, – деді Сәрсембаев.

Алайда Сәрсембаев мұның бәрі референдумның қорытындысына байланысты екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда жаңа демалыс күні пайда болатынын айтқан еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 12:28