"Минус 30 градус аяз": Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы суық болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет pixabay-дан
Қазгидрометтің мәліметінше ел аймақтарында суық және қарсыз арктикалық антициклон болады. Сонымен қатар аязды ауа райы сақталады. Тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен қар жауады.
Таулы аймақтарда-қатты қар, тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанды.
Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде температура түнде -30 -38 градус, күндіз -20 -28 градус аяз болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде -15 -25 градусқа дейін, таулы аймақта -30 -35 градус аяз болады. Ал күндіз -10 -25 градус болады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"