Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 жасар бала дәрігерлерді күткен күйі әкесінің қолында көз жұмды

3 жасар дәрігерлердің қабылдауын күткен күйі күту залында мерт болды.

Ұлыбританияның Бирмингем қаласында үш жасар бала Базиль Мохаммед дәрігердің қарауын күте алмай көз жұмды.

Бүлдіршін Уолкотта — Раллисон дертімен ауырған. Ол бауыр мен бүйректің зақымдануы. Сонымен қатар қант диабетімен ауырған. Тұрақты түрде дәрігердің қабылдауында өтуі тиіс болған. Баланың жағдайы тым нашарлаған соң әкесі оны емханаға алып келеді.

«Мен дәрігерлерге барып балам өлім бара жатыр дедім. Олар «нені меңзеп тұрсың?» деп сұрады. Дәл қазір қарамасаңдар, балам өліп бара жатыр дедім», – дейді әкесі.

Бір сағаттан соң баласы әкесінің қолында өлген. Енді әкесі емхананың науқастарды қабылдау жүйесін өзгертуді талап етеді. Емхана басшысы  оқиғаның қалай болғанын тексеретінін айтып, көңіл білдірген.

Тағы да оқыңыз:

Денсаулық сақтау министрі: Науқастардың ашуына өзіміз кінәліміз, адамдармен жұмыс істеуді білмейміз

Қазақстандық студент Австрия президентімен селфиге түсті

Танымал қазақ актері ұлы сал боп туған соң, әйелімен ажырасып кетті (фото)

Талқылау