3 триллион теңге: Қазақстанның мемлекеттік бюджетіндегі кірістер бір жылда қалай өзгерді

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 2025 жылы 3 триллион теңгеден астамға өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұндай деректер Қаржы министрлігінің коллегиясында жарияланған.
Коллегияда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономикалық блокқа қойылған негізгі мақсаттарды орындау өте маңызды екенін айтты. Ол өткен жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 300 миллиард доллардан асқанын, ал бір адамға шаққандағы ЖІӨ шамамен 15 мың доллар болғанын атап өтті. Сонымен қатар, министр экономикалық блок бюджет пен салық салуды реформалағанын хабарлады. Биыл олар бюджет шығындарын үнемі тексеріп, жаңа жобаларды дұрыс таңдау жүйесін жетілдіруге көңіл бөлмек.
Қаржы министрі Мади Тәкиев министрліктер қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттау керегін еске салды. Коллегияда бірнеше қаржылық көрсеткіштер де жарияланды.
-
Енді пәтерін сатқысы келетін қазақстандықтар 2 жыл күтуі керек: Жеке табыс салығының талабы өзгерді
- Қазақстанда шетелдік интернет дүкендерден қымбат тауар сатып алғандарға салық салынады
"2025 жылы мемлекеттік бюджет кірістері трансферттерді есептемегенде 24,6 триллион теңгені құрады. Кіріс жоспары 100,1% орындалды", – делінген министрлік хабарламасында.
2026 жылға республикалық бюджетке салықтық түсімдер жоспары 18,9 тиллион теңге деңгейінде бекітілді. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 4,4 триллион теңге немесе 30,6% көп. Коллегия қатысушыларының айтуынша, орындау экономиканың өсуі, жаңа Салық кодексі, салықтық және кедендік әкімшілікті жетілдіру және фискалдық процестерді цифрландыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?