Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 апта реанимацияда: Алматыда коронавирус ауруынан көз жұмған әйел өмірі үшін жарты ай арпалысқан

9 сәуірде коронавирустан қайтыс болған алматылық бірнеше дертпен ауырған болып шықты. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйел 1956 жылы туған. Ол өмірі үшін жарты айдан да көп күрескен. Алайда, 9 сәуірде, қатар жүретін аурулардың өршу жағдайында, қан айналымы 23:20-да тоқтады. Жарты сағаттық реанимациялық шаралар сәтсіз болды 23:50-де биологиялық өлім тіркелді.

"Мен шын жүректен көңіл айтамын. 16 наурызда байланыста болған науқастан оң нәтиже анықталды. Ілеспелі ауруларға, атап айтқанда созылмалы обструктивті өкпе ауруына, созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне және жүректің ишемиялық ауруына, стенокардияға, артериялық гипертензияға байланысты ол 18 наурызда реанимация бөлімшесіне жатқызылды", - деді Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Тілеухан Әбілдаев.

 COVID-19-дан басқа, ол екі жақты полисегментальды пневмониямен, екі жақты плевритпен, өкпе ісінуімен, Лайелл синдромымен ауырған.

Әбілдаевтың айтуынша, аурудың ағымы пневмонияны емдеуде қолданылатын антибиотиктерге аллергияға байланысты нашарлаған.

 

 

Талқылау