29 жастағы шаңғышы 9 дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Йоханнес Клебо Норвегиялық атақты шаңғышы Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи межені бағындырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
29 жастағы спортшы эстафета жарысында жеңіске жетіп, Олимпиада ойындарының 9 дүркін чемпионы атанды.
Бұл көрсеткіш қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы рекордтық нәтиже саналады.
Эстафетадағы бұл медаль – оның осы Олимпиададағы төртінші алтыны. Ол бұған дейін скиатлон, спринт және жеке жарыста топ жарған.
Клебо 2018 жылы Пхёнчхан қысқы Олимпиадасы ойындарында 3 алтын, 2022 жылы Бейжің қысқы Олимпиада жарысында 2 алтын жеңіп алды. Ал Миланда өтіп жатқан Олимпиадада 4 алтын медаль иеленіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін қысқы Олимпиада тарихында ең көп алтын медаль алған норвегиялық спортшы – Марит Бьорген. Оның еншісінде 8 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль бар.
Сондай-ақ норвегиялық шаңғышы Бьорн Дэли 8 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алған. Ал Оле Эйнар Бьорндален қоржынында 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль бар.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады