"27 жыл бойы өнерге қызмет еттім": Дастан Оразбеков мемлекеттік сыйлық алған әріптестеріне қатысты ойын бөлісті
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Дастан Оразбеков “Халық әртісі”, “Еңбек сіңірген қайраткер” атағын алған әріптестеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бүгін.Live" бағдарламасына қонақ болып, сыр шертті.
"Менің атақ алғаным, үйдегі өсіп келе жатқан менің ұлдарыма маңызды шығар деп ойлаймын. Барлық әріптесіме құтты болсын дегім келеді. Қалай да болса әрқайсының жасаған еңбегі бар. Мен үшін қатты маңызды емес. Мен үшін басты атақ – халықтың ықыласы. Біреулер жасанды деп айтуы мүмкін, бірақ мен дәл осы ұстанымды ұстанамын. Егер халық қолдаса, халықтың сүйіспеншілігіне бөленсем, онда одан артық атақ жоқ. Мүмкін атамнан да дарыған шығар. Атам – Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Оған атақ берер кезде "келіп берсін" деген ғой. Келіп берсін, бермесе, бармаймын. Бірақ беріп қалатын шығар деген сенімдеміз. 27 жыл бойы елімізге еңбек сіңіріп келе жатқанымызға", – деді өнер иесі.
-
"Еңбек сіңірген қайраткер" атағын алғым келген": Әнші Amre атақ бұйырмағанына ренжіп қалды
-
"Көре алмай отыр деп ойлап қалмасын": Ақбота Керімбекова марапат алған әріптестерін сынап тастады
Еске салайық, танымал өнер адамдарының бірі актриса Жарқынай Ханайым “Еңбек сіңірген қайраткері” мен Әлішер Каримов “Халық әртісі” атағын алған еді.
“Осы атқа лайық жобаларым алда көп болады деп сенемін. Бұл – маған аманат. Мотивация. Қолдап, лайық көріп жатқан жандардың сенімін ақтау бақыты бұйырсын”, – деп жазды Жарқынай.

"Университетте тегін оқып, әлеуметтік көмек ала алады": Грин карта арқылы АҚШ-қа көшіп кеткен қазақстандық жұптар оқиғаларын айтып берді
