250 миллион хабарлама, 40 мың пікір және 6,5 млн хабарландыру: 2025 жыл Kolesa.kz үшін қандай болды

Дереккөз: Kolesa.kz баспасөз қызметінің мұрағаты
2025 жылы көлік сатып алу иелік ету тарихын тексеруден және пікірлерді оқудан басталады. Мұндай қорытындыға Kolesa.kz жыл қорытындысы бойынша келді, осы кезеңде сервис 35 мың онлайн-сауалнама өткізіп, пайдаланушылармен 500 жеке кездесу ұйымдастырған.
Сервистің бұл тұжырымын халықаралық зерттеулер де растайды: әлем бойынша пайдаланушылардың 90%-ы көлік іздеу және салыстыру кезінде онлайн-қосымшаларды пайдаланады. Сондықтан 2025 жылы Kolesa.kz көлік сатып алу туралы шешімді алдын ала қабылдауға көмектесетін құралдарды дамытуға басымдық берді. Мұндай іске қосылған жаңартулардың бірі "Көлік тарихы" есебі болды.
2025 жылы қосымшада іске қосылған және күн сайын 1 миллионнан астам адам пайдаланатын басқа да жаңартулар туралы Nur.kz сайтындағы жаңа материалда айттық.
Көлік тарихын тексеру мүмкіндігі пайда болды
2025 жылдың наурыз айында Kolesa.kz "Көлік тарихы" есебін іске қосты. Бұл сервис көліктің Қазақстан мен Ресей аумағындағы иелік ету тарихы туралы деректерді көрсетеді. Сондай-ақ халықаралық дерекқорлардан ақпарат жинайды. Сервис іске қосылған сәттен бастап сатушылар Kolesa.kz сайтында 250 мың хабарландыруға "Көлік тарихы" есебін қосты.
"Біз бұл сервисті пайдаланушылар көлік тарихын қазақстандық деректер бойынша да, халықаралық дереккөздер арқылы да толық әрі ашық көре алуы үшін іске қостық. Жаңа жылда да нарықтың ашықтығын арттыру бағытында жұмысымызды жалғастырамыз", – деп атап өтті Kolesa.kz-тің өнім жөніндегі директоры Дмитрий Комаровский.
Дереккөз: Kolesa.kz баспасөз қызметі
Қазақстандағы жаңа көліктердің бәрі бір жерде
"Жаңа көліктер" бөлімінде Қазақстандағы 90% автосалондардың ұсыныстары бар. Модельдерді, жинақтамаларды және бағаларды бір жерден салыстыруға болады. 2025 жылы бұл бөлімге ай сайын 1,5 млн пайдаланушы кірген – бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 есе жоғары.
Дереккөз: Kolesa.kz баспасөз қызметі
Алаяқтықпен күрес
Kolesa.kz және Krisha.kz модераторлар командасы күн сайын 65 мыңға дейін хабарландыруды, соның ішінде пайдаланушылардан келіп түскен шағымдарды да тексереді. Бір жыл ішінде команда 25 мың жосықсыз орналастыру әрекетінің алдын алды. Нейрожелілер 4 миллион фотосуретті тексеріп, соның ішінде тек Kolesa.kz-те 72 мың жалған фотоны бұғаттады.
Көліктер туралы пікірлердің ең ірі базасы
Платформада 42 мың көлік туралы пікір жарияланған. 2025 жылы пікір саны бойынша Toyota Camry көш басына шықты: 2000 көлік иесі осы көлік туралы өз пікірін қалдырған.
Қосымша ішінде сөйлесу
2025 жылы сатып алушылар мен сатушылар Kolesa.kz-тің қауіпсіз ішкі мессенджері арқылы сйлесуді таңдады. Бір жыл ішінде мессенджер арқылы 250 миллион хабарлама жіберілді – бұл 2024 жылмен салыстырғанда 12 есе көп. Жасанды интеллект стоп-сөздерге қарсы жедел әрекет етіп, күмәнді сөз тіркестері анықталған сәтте пайдаланушыға ескерту жасайды. Бір жылда Kolesa.kz-тің модерациялау командасы 1 миллион күмәнді және спам хабарламаның жолын кесті.
Kolesa Plus
2025 жылы Kolesa.kz көлікті жиі сатып алатын және сататын, сондай-ақ белсенді түрде көлік іздеп жүрген пайдаланушыларға арналған Kolesa Plus жазылымын дамытуды жалғастырды.
Kolesa Plus жазылымы арқылы қосымшада сатушының көлік бағасын қалай және қашан өзгерткенін көруге болады, ал жаңа хабарландырулар жарияланған сәттен бастап бірден хабарлама ретінде келеді

Дереккөз: Kolesa.kz баспасөз қызметі
Көлік әлемі туралы медиа
2025 жылы "Жаңалықтар" бөлімін ай сайын 1 миллион адам оқыды. Ал Kolesa.kz-тің YouTube-арнасындағы видеолар жүздеген мың қаралым жинады.
2026 жылы Kolesa.kz YouTube-арнасына 10 жыл толады. Осы уақыт ішінде редакция командасы Қазақстан және әлем бойынша көлік нарығындағы өзгерістердің алдыңғы шебінде болып, оқырмандарға көлік тақырыбында дұрыс бағдар алуға көмектесіп келеді.
Пайдаланушылармен бірге 30 жыл
2026 жылы Kolesa.kz-ке 30 жыл толады. 1996 жылы алғашқы газеттің таралымы 5000 дана болса, бүгінде Kolesa.kz қосымшасын ай сайын 5,8 миллион адам пайдаланады.
Жаңа жылы Kolesa.kz өз миссиясына адал болып, адамдарға көлік сатып алуға және сатуға көмектесетін ең үздік сервистерді жасауды жалғастырады.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді