Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2,5 миллион үй енді онлайн: Beeline талшықты-оптикалық желіні қалай құрып жатыр

2,5 миллион үй енді онлайн: Beeline талшықты-оптикалық желіні қалай құрып жатыр

Қазақстанда 2025 жылы оптикалық-талшықты инфрақұрылымды дамыту цифрлық күн тәртібіндегі негізгі бағыттардың біріне айналды. Үкіметтің алғашқы отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев халықты жылдамдығы жоғары интернетпен қамту деңгейі 99%-ға жеткенін мәлімдеді. Елде 6 мыңнан астам ауылдық елді мекен бар. Соның ішінде 3 мыңнан астамы 2026-2027 жылдары оптикалық-талшықты интернетпен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Магистральдық желілерді дамытумен қатар, ауылдарда талшықты желіні әрбір үйге, ал қалаларда әрбір пәтерге дейін жеткізу үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жоспарлар аясында Zakon.kz порталы тіркелген байланыс операторларының бірінің өкілінен желінің іс жүзінде қалай дамып жатқанын сұрап білді.

Фото: 2024-2025 жылдары Beeline оптикалық-талшықты желімен қамтылған үйлердің өсуі

Beeline Қазақстанның мәліметінше, оптикалық-талшықты желі іске қосылғаннан бері шамамен 2,5 миллион пәтер мен үй үй интернетіне қосылды. 2024 жылы желіге 275 мыңнан астам үй қосылса, 2025 жылдың соңына дейін тағы 305 мың баспананы қосу жоспарланып отыр.

“Үй интернеті теледидарлардан бастап “ақылды үй” жүйелеріне дейін көптеген құрылғыларды қосу үшін пайдаланылады. Сондықтан бірінші кезекте желінің сенімді және ауқымын кеңейту мәселесі болып отыр”, – деді Beeline Қазақстанның тіркелген интернетті дамыту жөніндегі директоры Леван Оганисян.

Мегаполистерден ауылдарға дейін: талшықты желі өңірлерге қалай жеткізіліп жатыр

Өңірлерде тіркелген интернетті дамыту үй шаруашылығы үшін ғана емес, цифрлық сервистерді, білім беру мен бизнесті қолдау үшін де маңызды. Желілер ірі қалаларда да, шағын елді мекендерде де құрылып жатыр. Инвестициялардың едәуір бөлігі ауылдық жерлер мен жеке секторға бағытталған. Мұнда қамту аясын кеңейтуге және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылады.

2025 жылы оператор алғаш рет Жітіқара, Қандыағаш, Алтай және Степногорск қалаларында желі салды. Сондай-ақ Алматы облысындағы шағын елді мекендерде, соның ішінде Шонжы мен Шелек ауылдарының жеке секторларында жұмысын кеңейтті.

Сонымен қатар талшықты интернетке қосу деңгейі жоғары қалаларда да желіні дамыту жалғасып жатыр. Компанияның бағалауынша, Жезқазғанда қамту деңгейі 95%-ға жеткен. Бұл ретте қолданыстағы желілерді жаңғырту және жеке сектордағы қамтуды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай жобалар Қызылорда мен Шымкентте де іске асырылып жатыр. Бұрын жеке тұрғын үйлер орналасқан аудандарда көбіне сымсыз интернет қолданылатын. Қазір қосылған құрылғылар саны артып, байланыс тұрақтылығына қойылатын талаптар күшейгендіктен, оптикалық-талшықты желіге басымдық беріліп отыр.

“Біз желілерді дамыту, жаңа үйлерді қосу, жабдықтарды жаңарту және заманауи байланыс қызметтерінің қолжетімділігін арттыру арқылы ірі және шағын елді мекендер арасындағы цифрлық алшақтықты жүйелі түрде қысқартып келеміз. Біз үшін тіпті, халық аз қоныстанған елді мекендерді де назардан тыс қалдырмау керек. Мысалы, мыңға жуық үй орналасқан Бұлақты кентіне де желі салынды”, – деді Оганисян.

Оның айтуынша, 2025 жылы жеке сектордағы құрылыс қарқыны 2024 жылмен салыстырғанда шамамен үш есе артқан. 2026 жылы тағы 200 мыңнан астам үй шаруашылығын қамту жоспарланып отыр.

Мыс сымнан “таза” оптикаға ауысу: нарық не себепті GPON технологиясына басымдық береді

Бұрын үйлер интернетке FTTB технологиясы арқылы қосылатын: талшықты-оптика ғимаратқа дейін жетіп, ал ғимарат ішінде байланыс үшін мыс сымдар қолданылатын. 2022 жылдан бері жаңа қосылымдардың басым бөлігі GPON технологиясы бойынша жүргізіледі. Бұл – оператор мен пайдаланушы арасындағы белсенді түйіндері жоқ жылдамдықты жоғары оптикалық желі. Мұндай тәсіл ақаулар қаупін азайтып, техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетеді және бір кабель арқылы бірден бірнеше үйді қосуға мүмкіндік береді.

GPON технологиясы жеке үйлер үшін өте тиімді. Өйткені үлкен үйлер мен көп құрылғы қосылғанда интернеттің үзіліссіз және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2,5 миллион үй енді онлайн: Beeline талшықты-оптикалық желіні қалай құрып жатырФото: GPON технологиясының қосылу жылдамдығы

“Үйдегі құрылғылар, атап айтқанда телефондар мен теледидарлардан бастап, “ақылды” тоңазытқыштар мен гибридті қазандықтармен жұмыс істейтін жылу жүйелерінің саны артып келеді. Қазір тұрмыстық техника Wi-Fi арқылы қосыла алады, ал олардың саны жыл сайын көбейеді. Біз желіні дамытуды солай жоспарлап отырмыз, алдағы 5-7 жыл ішінде клиенттерге тұрақты және жылдамдығы жоғары интернет қызметін қамтамасыз етеміз”, – деді Леван Оганисян.

Сонымен қатар жаңа үйлер салыну кезінде оптикалық-талшықты желіні жүргізу тәжірибесі де дамып келеді. Оператордың айтуынша, құрылыс компанияларының шамамен 80%-ы үйлерді жобалау кезеңінде жұмыс істеуге дайын. Бұл кабельдерді үйдің ішкі дизайнына араласпай жүргізуге мүмкіндік береді және тұрғындар кіргеннен кейін бірден интернетке қосылуға жағдай жасайды. “Кабельдер алдын ала жүргізілгенде, оларды төбеге немесе қабырғаға салып, пәтердің эстетикасын бұзбай жасыруға болады”, – деді спикер.

Қазақстандағы шамамен 2,5 миллион үйдің ішінде GPON желісін қосуға техникалық мүмкіндігі бар шамамен 700 мың үй бар.

Роутерлер, Wi-Fi 6 және “ақылды үй”: пайдаланушылардың талаптары қалай өзгерді

Қосылған құрылғылар санының артуымен клиенттік жабдықтың сапасы маңызды бола бастады. Былтыр оператор 70 мыңнан астам роутерді жаңартты, соның ішінде ескірген модельдер де бар, кейбірін тегін ауыстырды. Бұл бастама 2024 жылы басталып, бір диапазондық роутері бар абоненттер үшін іске қосылды. Көп жағдайда олар өздерінің роутерлерінің ескіргенін білмейтін. 70% жағдайда роутерлерді тегін екі диапазондық роутерлерге ауыстырды, бұл интернеттің тұрақтылығы мен жылдамдығын жақсартты. Компанияның айтуынша, бұл жаңарту жұмыстары 2026 жылы да жалғасады.

2,5 миллион үй енді онлайн_ Beeline талшықты-оптикалық желіні қалай құрып жатыр (2)Фото: Mesh-жүйесінің жұмысын көрсететін иллюстрация

Жабдықты таңдау кезінде оператор тұрғын үй ерекшеліктерін ескеру қажет екенін айтады. Үлкен пәтерлер мен бірнеше бөлмесі бар үйлерге mesh-жүйелерін орнату ұсынылады. Бұл жүйелер өздерінің Wi-Fi желісін жасап, “көрінбейтін” аймақтарға да интернет таратады. Кішірек пәтерлерде базалық роутерлер қолданылады. 2025 жылдан бастап компания жаңа буын технологиясы Wi-Fi 6-ны енгізіп жатыр. Ол көптеген құрылғыларды қосуға мүмкіндік береді әрі жылдамдықты төмендетпейді. Компания өкілінің айтуынша, Beeline – Қазақстан нарығында Wi-Fi 6 қызметін ұсынатын жалғыз провайдер.

2,5 миллион үй енді онлайн: Beeline талшықты-оптикалық желіні қалай құрып жатыр

Үйдегі интернеттің эволюциясы пайдаланушы портретінің жылдам өзгеріп жатқанын көрсетеді. Бұрын бір отбасы бір компьютерді ғана пайдаланып, интернетке телефон сымы арқылы қосылса, қазір адамдар көптеген құрылғыларды қосып, жоғары жылдамдықты интернет қолданады. Тұрақты интернетке сұраныс пандемия кезінде күрт артты. Өйткені жұмыс, оқу, кездесулер, сауда және ойын-сауық – бәрі онлайнға көшті. Осы өзгерістерге байланысты, әсіресе жеке үйлерде тұратын отбасыларға арналған арнайы пакеттер пайда болды. Бұл пакеттерде үй интернеті, мобильді байланыс және телевизия қызметтері бірдей біріктірілген. Сондықтан отбасыға бәрін бір жерден алу ыңғайлы әрі тиімді болады. “Отбасы бірнеше қызметті бірден алғанда жеңілдік алады және бір ғана шот төлейді. Сонымен қатар біз үшін желінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету маңызды”, – деді Леван Оганисян.

Болашақтағы өсім мен перспективалар

Нарықтағы бағам бойынша, Қазақстандағы тіркелген интернет пайдаланушыларының саны жыл сайын шамамен 80 мыңға артып отырады. Мұндай өсу инфрақұрылымды кеңейтумен ғана емес, сонымен қатар адамдардың интернетті пайдалану әдеттерінің өзгеруімен де байланысты – қашықтан жұмыс істеуден бастап, білім беру мен қызмет көрсету саласында онлайн сервистерді белсенді қолдануға дейін.

Оператор қамтуды әрі қарай кеңейтуді, қолданыстағы желілерді жаңартып, жаңа технологияларды енгізуді, осылайша елдің барлық өңіріндегі тұрғындарға тұрақты және жоғары жылдамдықты интернет қызметін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026 09:00