Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

25 мың доллар: Әйел 13 жастағы қызын үйге айырбастамақ болған

Өзбекстанда 13 жастағы қызын үйге айырбастамақ болған әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Uznews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: uznews.uz

Басылымының мәліметінше, 41 жастағы әйел Қашқадария облысынан Самарқанд қаласына қызын сату үшін келген.

Мейрамханада ұсталған соң күдікті әйел қызын құны 25 мың доллар тұратын үйге айырбастамақ болғанын мойындапты. 


"Несиесін толықтай өтеу келісімі жүргізілген": Алматы облысының тұрғыны жаңа туған сәбиін әлеуметтік желі арқылы сатпақ болған


Әйел жеке баспанасы болмағаны үшін осындай қадамға барғанын айтқан.

Безбүйрек ана "адам саудасы" бабы бойынша сотталды. Сот әйелді кінәлі деп танып, бес жыл екі айға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарған.

Әйелдің балалары мемлекет қорғауына алынған.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте 23 жастағы келіншек жаңа туған нәрестесін сатпақ болғаны туралы жазған едік.

Талқылау