25 миллион теңге сұраған: Қазақстанда бүйрегін сатпақ болған шетелдік әйел қамауға алынып, сот үкім шығарды
Фото: Polisia.kz
Павлодарда өз бүйрегін сатпақ болған шетелдік әйелге сот үкімі шықты. Шешім жарияланған соң, әйел сот залынан бірден босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Калуга қаласының 37 жастағы тұрғыны Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 116-бабы 1-бөлігі (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) бойынша айыпталды. Сот мәліметінше, Ресей азаматы 2024 жылдың соңынан бастап бүйрегін сатып алатын адам 3здеген. Ол ағза сататын түрлі сайттарды тұрақты бақылап отырған.
Осылайша әйел өткен жылдың шілде айында Telegram желісінде донор іздеу туралы хабарландыру тапқан. Нәтижесінде, бүйрегін 50 мың долларға (25 548 000 теңге) сату туралы келісім жасаған. Келісім шартқа сәйкес, трансплантация Павлодар қаласында өтуі тиіс болған.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ресейлік әйелмен Telegram арқылы хат жазысқан сатып алушы полицияның жедел операциясына қатысқан жасырын агент болып шықты.
Фото: Polisia.kz
2020 жылдың шілде айында әйел Астана қаласына ұшып келіп, одан әрі Павлодарға барып, пәтер жалдаған. Сосын медициналық тексеруден өтіп, мәміленің аяқталуын күткен.
“17 шілде күні “Т” бүркеншік атын қолданған болжамды сатып алушы сотталушыға бүйректі заңсыз алу мәмілесі үшін 5 миллион теңге алдын ала төлем жасады. Алайда ақшаның басым бөлігі жалған ақша болды. Тек бір ғана 20 мың теңгелік купюра шынайы ақша”, –делінген сот хабарламасында.
15 миллион теңгеге бүйрегін сатпақ болған қарағандылық рақымшылыққа ілікті
Ақтөбеде қарызын өтеу үшін бүйрегін сатқан жігіт сотталып жатыр
Ақша берілгеннен кейін әйел дереу ұсталды. Сот отырысы кезінде ол кінәсін толық мойындап, келісімге келді. Сот әйелдің кәмелетке толмаған балаларын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.
Сот шетелдікті 10 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда қамауда өткізген уақыты есепке алынып, жазасын толық өтеген деп танылып, босатылды.
Айта кетейік, бұған дейін бүйрегін саудалап қарыздарынан құтылмақ болған қазақстандықтың полицияға ұсталғаны туралы хабарлаған едік.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)