Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

-25 градусқа дейін аяз: Синоптиктер қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынды

“Қазгидромет” мамандары Қазақстан Республикасы бойынша 2022 жылдың қарашасына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің сөзінше, республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шамасында болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қар

Қарашаның басында жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде көбінесе жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттармен байланысты ең күшті жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ құбылыстарымен және желдің 15-28 м/с дейін күшеюімен бірге күтіледі. Жекеленген аудандарда көктайғақ болуы мүмкін.

Қарашаның алғашқы күндерінде ел аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз +10+18°С шамасында болады. 

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап батыс өңірлерде, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін төмендейді. 

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағында Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі келіп, тұрақсыз ауа райы болжанады. Ауа температурасы: 

  • солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін;
  • оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін төмендейді. 

Алайда Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массалары түсетін жылы күндердің де болуы күтіледі.

Талқылау