230 миллиард теңге жымқыру ісінен кейін "Азия Авто" зауыты жаңа инвесторларға берілмек

230 миллиард теңге жымқыру ісінен кейін тоқтап тұрған Өскемендегі "Азия Авто" зауытына жаңа қазақстандық инвесторлар тартылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өскемен қаласындағы бұрын 230 млрд теңге көлемінде қаржы жымқыру дерегі анықталған "Азия Авто" зауытының өндірістік алаңын жаңа инвесторларға беру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Ведомство басшысы Ерсайын Нағаспаев нысанның алдағы жағдайына қатысты пікір білдірді.
"Сот процесі өткен жылы аяқталды. Қазір әрі қарай не істейтінімізді қарастырып жатырмыз. Иә, бүгінгі таңда мұндай өндірістік база бар. Жұмысшылары да бар. Осы мәселені қазір қарап жатырмыз. Шешім қабылдаймыз", – деді министр үкіметтегі брифингте.
Инвесторлардың бар-жоғы туралы нақтылаушы сұраққа Нағаспаев олардың бар екенін айтты. Оның сөзінше, сөз қазақстандық инвесторлар туралы болып отыр.
- Астанада миллиардтаған теңге қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы 7 жылға жуық мерзімге сотталды
-
"Сарыарқа" хоккей клубының экс-басшысы Арғын Нығматуллинді Түркиядан іздестіріп жатыр
Еске салайық, бұған дейін "Азия Авто" ісі бойынша компанияның бұрынғы басшылары Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаев 2021 жылдан бері халықаралық іздеу екенін жазған едік. Тергеу оларды банктік қарыздарды өтеуден және салық төлеуден жалтару мақсатында 230 миллиард теңгені жымқырды деп айыптады. 2025 жылдың сәуірінде сот оларға сырттай үкім шығарып, Балушкинді 9 жылға, Сағымбаевты 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Кейін сот келтірілген залалды өтеу туралы шешім қабылдады.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады