Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23 жастағы қазақ қызы әскери ұшақты басқарып жүр (фото)

Өткен 6 шілде, Астана күнінде қазақтың ұшқыш қызы бір ерлігін Астана мерекесінің құрметіне арнады.

ardana

«Сіздерге Ұлттық ұланның 23 жастағы аға ұшқыш-штурманы Ардана Ботайды (суретте) таныстырайын. Ол Қарағанды облысында туып-өскен. Кейін отбасы Астанаға көшіп келді.

Ардана 2011-жылы №2 мектеп-гимназияны бітірген соң Алматыдағы Азаматтық авиация академиясына оқуға түскен. 2013-жылы Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға сәйкес, Хельсинки қаласындағы әскери ұшқыштар  даярлайтын «Патрия» мектебіне қабылданған. 2015-жылы коммерциялық ұшудың «№FІN FCL83136» еуропалық стандарты лицензиясын алған.

Ардана бүгінде Ұлттық ұлан авиациясында – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет етуде. Ардананың 240 сағаттық ұшу тәжірибесі бар. Ол ертең тұңғыш рет «АН-26» әскери ұшағының штурвалына отырмақ және бұл сапарын Елорда күніне арнамақшы. Қайсар қызға сәттілік тілейміз!», – деп хабарлайды Мөлдір Еркінқызы атты қолданушы Facebook жеке парақшасында.

13567284_1139990809405995_712659270986132696_n

Қазақтың жап-жас әскери ұшқыш қызына сүйсіне тілегін жазған қолданушылар көп.

Жіберіп алмаңыз:

Eurowings ұшқышы 90 жолаушыны неге «ұмытып» кеткенін түсіндірді

140 жолаушысы бар ұшақ ұшқыштары ұшу кезінде ұйықтап қалған

Алматыда есірткімен ұсталған ұшқыш нашақор екенін мойындады

Адамзат тарихындағы алғашқы ұшақ құрастырушы мен ұшқыш Отырардан шыққан

Талқылау