23 қыркүйекте Қазақстанда көліктерді тіркеу тоқтатылады
Бүгін, 23 қыркүйекте, елімізде автокөліктердің тіркеу және қайта тіркеу қызметтері уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: Kolesa.kz
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Facebook желісінде мәлімдеді.
«2019 жылғы 23 қыркүйекте ҚР ІІМ мәліметтер базасында техникалық жұмыстың жүргізілуіне байланысты мамандандырылған ХҚКО-да көлік құралын қайта тіркеу және тіркеуге қою қызметтері сағат 10.30-12.30 және 17.00-19.00 аралығында жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Айта кетейік, бұл қызметтер, аталған уақыт аралығында, сондай-ақ электронды үкімет порталында да қолжетімсіз болады», - делінеді хабарламада.
Мемлекеттік корпорациядағылар көлік иелерінен уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік білдіруін сұрады.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты