-23 градусқа дейін: Алдағы күндері Қазақстанның кейбір аймақтарында күн күрт суиды
Фото: depositphotos.com
Алдағы күндері Қазақстанның кейбір аймақтарында -23 градусқа дейін суық болады деп болжанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазгидромет” мамандары 2025 жылдың 18-20 қараша аралығында Қазақстанның көпшілік өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын атап өтті.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағы арқылы өтетін кезекті атланттық циклон жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі. Кейбір облыстарда боран және көктайғақ болады деп болжанды. Сонымен қатар синоптиктер республика бойынша жел күшейіп, қалың тұман түсетінін ескертті.
19 және 20 қараша күндері антициклон жотасының әсеріне байланысты Қазақстанның оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашын болмайды, бұл аймақтарда ауа райы құрғақ әрі салыстырмалы түрде тыныш болады.
Алайда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы -6, -23°C-қа дейін төмендеп, күндіз +2, +10°C-қа дейін көтеріледі.
Еске салсақ, бұған дейін Қазгидромет қараша айына ауа райы болжамын жариялаған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік