Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

22 жастағы қазақ қызы бастығынан жүкті болып қалған

22 жастағы қазақ қызы басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Айтуынша, ол бастығынан некесіз жүкті болып қалған.

0э

Бұл туралы “Араша” басылымы жазды.

Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Сіздерге басымдағы жағдайды жазуды ұйғардым. Өтініш,  тек сөкпеніздерші. Мен үлкен қателік жасадым. Қатты өкінемін. Мүмкін істегендерімнің жазасы болар, қатты қиналып кеттім. Мен жұмыста бастығым жас жігіт болатын. Бірақ отбасы бар. 2 жылдан бері бала сүйе алмай жүр екен. Әйелі 2-3 рет  түсік тастапты. Жақында ғана əрең көтергенін естідім.

Менің айтпағым,  сол бастығымнан менің де аяғым ауыр. Білемін, қатты қателестім, онымен ешқандай болашағымыз жоқ. Маған «баланы құрт» дейді. Түсік жастақанымды қалайдыі. Бірақ біздің қателігімізде баланың кінəсі жоқ қой. Мен алдыртқым келмейді. Обалына қалғым келмейді. Ол ауыр күнə ғой. Күнə үстіне күнə жалғағым келмейді. Жұмыстан шығып кеттім. Əке-шешем ешнəрсе білмейді. Не істерім білмеймін?! Ол бала дүниеге келсе қалай асыраймын, қайда тұрамын, білмеймін… Əке-шешем күнде ұрсысады, қазір мені іздемейді да… Өмірім астан-кестең болып жатыр. Кешіріңіздер… Жанымдағы кейбір адамдарды да енді танып жатырмын… Бұл өмірде ешқандай махаббат жоқ екен

Мен шалыс бастым, мойындаймын. Өзіме де сол керек. Мен ол жігіттен ешнəрсе күтпеймін. Ажырасып мені алсын деген 3 ұйықтасам түсіме кірмеген ондай ой. Мен қателестім. Соның зардабын шегіп жатырмын. Бірақ бір нәрсе анық, мен аборт жасамаймын. . Өз баламды қалай өлтіремін. Ол баланың кінəсі жоқ. Оны туып, далаға да тастамаймын. Енді тек осы балам үшін өмір сүремін. Дұрыс өмір сүруге, енді қателік жасамауға тырысамын.

Ары қарай, өзімді де баламды да Аллаға тапсырдым. Əке-шешем білмейді. Олар маған ұрыспайды. Өздерімен өздері. Мен кішкентай кезімнен көп қиындық көріп келемін. Көп қорлық көргенмін. Үнемі алданып қалам. достарым да сатып кетеді. Мамам 10 жасымда қайтыс болған. Екінші анам бар. Қазір 22-демін. Кешіріңіздер артық кетсем. Жай кімге айтарым білмеймін,  қатты қиналып кеттім…

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Әйелі сотталған қазақстандық азамат қызын тастап, көлікті алып қашқан

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Талқылау