Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"21 жыл бұрын, 18 жасымда келдім": Мөлдір Әуелбекова алғаш Алматыға келген сәтін есіне алды

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет үлкен қалаға келген сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/id300736498

Өнер иесі 18 жасында Тараз қаласынан өнер ордасына келген көрінеді. 

“Мен Алматыға 21 жыл бұрын, 18 жасымда келдім. Сол кезде бұл қала мен үшін алыстағы ала алмайтын қамалдай көрінетін. Жолым мен мүмкіндіктерім анық емес, армандарым алыста сияқты еді. Бірақ Алматы уақыт өте келе, әр адамды құшақ жая қарсы алып, жаңа бастамалар мен биік асуларға жетелейтін есіктер ашатынын түсіндірді”, – деді әнші.



Одан кейін әсем қаланың күн сайын гүлденіп келе жатқанын да мақтанышпен жеткізді.

“Қазір Алматыда өніп-өркендеп, керемет өмір сүріп жатырмын. Бұл қала менің армандарымды жүзеге асырып, мені үлкен жетістіктерге жетеледі. Алматы – мен үшін тек қала емес, ол менің өмірімнің бір бөлігі, жүрегімнің терең түкпірінен орын алған арманымның жүзеге асқан жері. Мені шын бақытқа бөлеген қала — Алматым! Сені шексіз сүйемін!”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, "Құшақтап қатты жыладым" деп Мөлдір Әуелбекова экс-продюсері Баян Мақсатқызынан кешірім сұрағанын айтқан еді. 

Талқылау