21 жастағы студент болашақта тек танымал адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтты
21 жастағы Гүлмира Мусина болашақта тек танымал адамға тұрмысқа шыққысы келетінін айтады. Бойжеткен осылайша өзінің материалдық жағдайын көтеріп қана қоймай, ішкі мәртебесін өсіріп, көпшіліктің қошеметіне бөленгісі келетінін жеткізді.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
“Болашақта Әнуар Нүрпейісовпен бірге болуға қарсы емеспін. Күнделікті инстаграм желісіндегі тікелей эфир арқылы онымен сөйлесемін. Саясатқа жақындығы ерекше ұнайды. Мұнымен қатар, ол біздің университетімізге жиі келіп тұрады. Екеуіміз “Жас Отан” ұйымына мүшеміз. Әрине, танымал адамның жұбайы болу оңай емес. Олар жиі гәстрөлдік сапарға кетіп, күндіз-түні түзде жүреді.
Болашақ жарым танымал адам болса, мен үшін одан асқан бақыт жоқ болар еді. Себебі, көп адам мені сырттай біліп, ерекше қошемет көрсететін болады. Ал жеке өзім не себепті танымал бола алмай жүргенімді айта алмаймын. Теледидардағы жобаларға жиі барсам да, көп адам мені тани бермейді. Өзім туризм саласында білім алып жатырмын. Болашақта шетелге көп шығып, әртүрлі жоғары деңгейдегі кештерге атсалысқым келеді”, – дейді Гүлмира Мусина.
Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы студент қызға “Танымал сүйіктіңіз басқа қызға ғашық болып қалса не істейсіз? Оны босатуға дайынсыз ба?” деп сұрақ қойды. Гүлмира өз кезегінде сүйіктісін тек бөлісуге дайын екенін айтты.
“Мұндай жағдайды, тіпті, көз алдыма елестете алмаймын. Менің бар жағдайымды жасап, мені де, ол кісіні де қимаса, тоқал алуға рұқсатымды берер едім. Маған материалдық жағдайымды жасап тұрса болғаны. Бірақ, тіпті, болмай жатса, ажырасып кетуге дайынмын”, – дейді бойжеткен.
Психолог маман осы тұста бойжеткеннің тек позитивті тұстарды ойлап тұрғанын айтып өтті. “Қазақта “Қолда бар алтынның қадірі” болмайды деген жақсы сөз бар. Көпшілік танымалдарды мінсіз адамдар деп ойлайды. Оларға қол жетпейтін зат сияқты қарайды. Дәл қазір Гүлмира ханым терең ойланып отырған жоқ. Тек позитивті тұстарды ғана көруде. Себебі, іштей танымал адамға тұрмысқа шығуының екіталай екенін біледі. Ол, бар болғаны, танымал адамның энергиясы арқылы өзінің ішкі мәртебесін көтеріп алмақ. Халық пен құрбыларынң алдында мақтанып алмақ. Ал ар жағында не болуы мүмкін екенін, тіпті, ойлағысы да келмейді”, – дейді Марал Сарбасқызы.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Күйеуі белдікпен сабаған жүкті әйел төркініне қайтуға ұялып жүр
Жас келіншек өзін кінәлауға дайын тұратын қайын әпкесі туралы айтып жылады
Өзгені сүйіп қалған жас келіншек күйеуімен қайтып айырылысарын білмей жүр
Анасына протез сұрап хат жазған 6-сынып оқушысы жұрттың жүрегін елжіретті