AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

21 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мансабын аяқтағанын хабарлады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева спорттық мансабының аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

21 жастағы спортшы бұл туралы Instagram парақшасында хабарлады.

"Құрметті жанкүйерлер, мен кәсіби спортшы ретіндегі мансабымды аяқтауды шештім. Бұл жаңалықты сіздермен бөлісу оңай емес. Сіздердің көпшілігіңіз арқамның ұзақ уақыт бойы мені мазалап жүргенін білесіздер. Өкінішке қарай, бұл жарақат соңына дейін емдей алмадым, сондықтан толыққанды жаттығу мүмкін болмай кетті”, – деп жазды ол.

Спортшы мансабының аяқталғаны жаңа өмірдің басталғанын білдіретінін жеткізді.

“Қазіргі уақытта мен Қазақстандамын және жыл соңына дейін осында жұмыс істеймін, балаларға көмектесемін, оларды шабыттандырып, өз тәжірибеммен бөлісемін. Мен әрдайым өз елімде мәнерлеп сырғанауды дамытқым келді және қазір маған осы мүмкіндік түсіп отыр”, – деді ол.

Ол ата-анасына, Қызылорда облысының басшылығы, Ұлттық Олимпиада комитеті, Спорт және мәдениет министрлігіне қолдау көрсеткені үшін алғысы білдірді.

“Сондай-ақ Тутберидзенің барлық жаттықтырушылар штабы Этери Георгиевна, Сергей Викторович және Даниил Марковичке-менімен бірге атқарған жұмысы үшін, мансабымдағы тарихи сәттері үшін, маған деген сенімі үшін, үздік бағдарламалары үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен бұрын-соңды жұмыс істеген әр жаттықтырушыға алғыс айтқым келеді. Енді менің болашақ ұрпағыммен бөлісе алатын баға жетпес тәжірибем бар”, – деп жазды спортшы.


"Не деген ұят!": Боксшы Бақтияр Артаевтың әлеуметтік желідегі әрекетіне наразы болды


“Мен халықаралық аренаға 2011 жылы келдім, осы турнирден тура он жыл өтті, 50-ден астам халықаралық жарыс (Азия ойындары, жасөспірімдер олимпиадасы, Дүниежүзілік қысқы универсиада, Төрт құрлық чемпионаттары, Әлем чемпионаттары, Олимпиада және басқа да халықаралық старттар) және әртүрлі деңгейдегі 39 медальдің иегері атандым”, – деді ол.

Айтуныша, он алты жыл спортта жетістік те, жеңіліс те, жарақат та болды.

“Бірақ осы уақыт аралығында сіздер, менің жанкүйерлерім, әрқашан қасымда болдыңыздар. Сіздердің тілектеріңіз, шынайы қолдауларыңыз мені шабыттандырды. Мен өз халқыма, сіздерге қажет екенімді түсіндім. Бұл маған зор күш-қуат берді. Сіздердің маған деген сенімдеріңіз болашақта да маған түрлі салаларда жаңа биіктерге жетуге көмектеседі", – деп жазды мәнерлеп сырғанаушы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр