Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

21 жасар қазақстандықты Сеулде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Қазақстандық дипломаттар Сеулде жезөкшелік жолға түскен 21 жастағы Қазақстан азаматшасын құтқарды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

280782

Сурет today.kz

Қыз осы жылдың 8 сәуірінде Кореяға апталық косметологиялық курстан өту үшін барған.

“Оны “агентікке” шақырушылар төлқұжатын тартып алып, оны жүріп-тұру мүмкіндігінен айырған. Күштеп ұстап жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткен”, – деді баспасөз қызметі.

Жағдай туралы кезекші дипломат дереу Корея Республикасындағы Қазақстан елшілігіне хабарласқан. Бұл ақпаратты алған Сеулдегі қазақстандық елшілер Қазақстан азаматшасымен мобилді мессенджер арқылы байланыс орнатып, оның тұрғылықты жерін анықтаған. Ол сол кезде Содемун-гу ауданындағы мейрамханалардың бірінде болыпты. Осылайша патрулді қызметтің көмегімен бірге дипломаттар қазақстандық қызды аталған орыннан тауып алып, құтқарады. Алайда оны осы іске мәжбүрлеген күдікті тез із суытып, оны ұстау мүмкін болмаған.

Қазір қыз Сеул полициясының арнайы бөліміне жайғастырылған. Бұл іс бойынша зерттеу басталып, жедел-іздеу шаралары жүргізілуде.

Талқылау