2028 жылғы Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада Италияда өтеді
2028 жылғы Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы Италияда өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Бұл шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 143-сессиясында қабылданды. Бұл шешімді ХОК президенті Томас Бах хабарлады.
Көпсалалы спорттық шараны елдің солтүстігінде орналасқан Доломиты Вальтеллина аймағы қабылдайды. Ұйымдастырушылардың өтінімі 89 дауыс жинады.
Айта кетейік, 2026 жылы Италияда Қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты додасы Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында ұйымдастырылады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

